Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 34 сабақ.


Дидактикалық материал34

Гиманастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Нұсқаулық

гимнастика сабақтарын өткізудегі еңбекті қорғау туралы

  • Еңбекті қорғауға қойылатын жалпы талаптар.
    • Гимнастика сабақтарына мектепке дейінгі жастағы балаларды және 1 сынып оқушылары еңбекті қорғау нұсқаулығынан өткен медициналық тексеруден және денсаулығына байланысты кері әсер жақтарға мүмкіндік беріледі.
    • Гимнастика жаттығуларын өткізгенде тәртіп ережелерін, сабақ кестелерін, белгіленген сабақ және демалыс тәртібін сақтау.
    • Гимнастика жаттығуларын өткізгенде оқушыларға келесідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
  • жарамсыз құрал-жабдықтарда, сонымен қатар сақтандырусыз жаттығулар орындағанда жарақат алу.
  • гимнастикалық кілемшелерді қолданбай, гимнастикалық жаттығуларды орындағандағы жарақаттар.
  • спорттық құрал-жабдықтарға ылғалды алақанмен, сонымен қатар ластанған құрал-жабдықта жаттығуларды орындағандағы жарақаттар.
    • Спорттық залда жарақаттанғанда, алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер мен таңу құралдарымен жабдықталған медициналық қорабша болуы керек.
    • Спорттық залда гимнастикалық жаттығулар өткізгенде өрт қауіпсіздігі ережесін, алғашқы өрт сөндіру құралдарының орналасқан жерлерін білу қажет. Спорттық залда екі өрт сөндіргіш құралымен жабдықталған болуы керек.
    • Жазатайым оқиға болған жағдайда зардап шегуші немесе оқиғаның куәгері дереу мұғаліміне (оқытушысына, тәрбиешісіне) хабарлауы керек, мұғалім мектеп әкімшілігіне хабарлайды.
    • Оқу-жаттығу барысында оқушылар жаттығу тәртібін және жеке гигиена ережелерін сақтауға тиісті.
    • Еңбекті қорғау нұсқаулықтарын бұзған немесе орындамаған оқушылар жауапкершілікке тартылады және барлық оқушылармен жоспардан тыс еңбекті қорғау нұсқаулығы өткізіледі.
  • Сабақтың басталар алдындағы еңбекті қорғауға қойылатын талаптар.
    • Спорттық костюм және табаны сырғанамайтын спорттық аяқ-киімін киуі керек.
    • Кермені құрғақ шүберекпен сүртіп, және ұсақ зығыр қағазбен тазалап жаттығу залын желдетіңіз .
    • Керменің, гимнастикалық ат пен төрттағанның бұрандаларын бекітілуін, қос сырықтың бекітілу виннтерінің сенімділігін тексеріңіз.
    • Снарядтан секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық кілемшелердің беті тегіс болуы керек.
  • Сабақтар өтілімі кезіндегі еңбекті қорғауға қойылатын талаптар.
    • Мұғалімсіз (оқытушысыз, тәрбиешісіз) және оның көмегінсіз, сонымен қатар сақтық құралсыз спорттық снарядтарда жаттығуларды орындамаңыз.
    • Ылғал қолмен спорттық снарядтарда жаттығуларды орындамаңыз.
    • Басқа оқушының жаттығуды орындағанда спорттық снарядқа жақын тұрмаңыз.
    • Спорттық снарядтардан секіру және секіріп түскенде аяғыңыздың ұшымен жартылай отыра жерге түсіңіз.
    • Соқтығыстарды болдырмау үшін ағымды жаттығуларды орындау кезінде ара қашықтықты сақтаңыз.
  • Төтенше жағдайларда еңбекті қорғауға қойылатын талаптар.
    • Жаттығулар кезінде өолдарыңыз ауырып, терінің қызаруы немесе алақандарыңыз сыдырлып, сонымен қоса өзіңізді жақсы сезінбесеңіз, жаттығуды доғарып бұл туралы мұғалімді (оқытушыны, тәрбиешіні) хабардар етіңіз.
    • Спорттық залда өрт болған жағдайда дереу жаттығуды тоқтатыңыз, оқушыларды спорт залдан шығарыңыз, өрт туралы мекеме әкімшілігіне және жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімшесіне хабарлап, алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен өртті сөндіруге жұмыстаныңыз.
    • Жарақаттанушыға дереу алғашқы көмек көрсетіңіз, бұл туралы мекеме әкімшілігіне хабарлаңыз, қажет болған жағдайда жарақат алушыны жақын жерде орналасқан емдеу мекемесіне жіберіңіз.
  • Сабақтар біткеннен кейінгі еңбекті қорғау талаптары.
    • Спорттық жабдықтарды сақтауға арналған орынға апарыңыз.
    • Кермені құрғақ матамен және ұсақ зығыр қағазды қолданып сүртіңіз. Спорттық залды желдетіп алыңыз.
    • Спорттық костюмді және спорттық аяқ киімді шешіп қойыңыз.
    • Душқа түсіңіз немесе бетіңіз бен қолыңызды сабындап жақсылап жуыңыз.

 Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

 Дене сымбатына арналған жаттығулар кешені

 Аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары көтеріп, саусақтың ұшына көз алмай қарап тұрып, кеудені жоғары қарай көтеру.

 Екі қолды дененің екі жағына, жақындатып төмен ұстап, әскери шеруде жүргендей жүру керек: аяқтың ұшын алға созып, табанды түгелдей жерге тигізіп жүру.

 Еденге отырып, аяқты айқастыру. Қолды тізеге қойып, арқаны тіктеу.

 Еденге жатып, іш пен аяқты еденге тақау, қол саусақтарын арқа жақтан айқастыра ұстау. Кеудені алға созып, басты алдыға, жан-жаққа, артқа бұру. Қолды дененің жанында ұстап, басты ғана қозғаймыз.

 Еңкейіп тұрып, басты ақырын бұру. (Омыртқаның кеуде бөлігін бүгу), екі қолды екі жаққа созу.

 Екі иықты алдыға-артқа айналдыру.

 Жамбасты тіреп жатып, кеудені артқа қарай ию.

 Бір орында тұрып, әскерлерше жүру.

 

 

Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

Дене тәрбие жаттығулары:

Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру; бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүрутеріс қарап жүру.

Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен (шөбі шалғын  жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м. қашықтыққа бар екіпінімен жарыса жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30 м. —8,5-7,5 сек).

 Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Бұл топтағы жаттығулар негізі мынадай:

1.  Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

2.  Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

3.  Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар кешеңі

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

  • Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар кешеңі

Оқушылар үйренген акробатика элементтерін дұрыс қолданбауы.

Жұппен немесе шағын топтарда дайындық жаттығуларын дұрыс құрастырып көрсетпеуі

(отырған қалыптан алға-артқа қайтадан отырған қалыпқа келгенше аударылу; кеудеде жатып, шалқая қолды алға созып, жанына аударылу; тізеде тұрып жанына аударылу; бір тізеде тұрып жанына аударылу; отырған қалыптан алға домалау қайтадан отырған қалыпқа келгенше; арқада жатқан қалыптан, жауырынға тұру).

Эстафета жаттығуларын дұрыс құруы.

Оқушылардың жиналу және аударылу кезінде кететін қателерге назарларын аудармауы.

Оқушылардың өздері дұрыстауға мүмкіндік бермеуі.

Бірінші келген командаға 5 балл, eкінші кeлгeн командаға 3 балл бeрілeді. Көп балл жинаған команда жeңіскe жетeді.

Сыныпты eкі топқа дұрыс бөлмеуі.

1.Тапсырма. Оқушылар жүгіріп барып гимнастикалық матаның үстінде тeпe- тeңдік жаттығуын орындай алмауы. 2Тапсырма. Оқушылар жүгіріп барып гимнастикалық.матаның үстіндe алға дұрыс домалай алмауы.

3. Тапсырма. Оқушылар жүгіріп барып гимннастикалық матаның үстіндe артқа дұрыс домалай алмауы.

Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек

  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме: Әуенді кешен.

«Лягушачья ламбада» әуеніне сілтеме:

http://musicmegaboxru.com/content/song/4/Lyagushachya_lambada/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу