Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 39 сабақ.
Тақырыбы: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастау.
Сабақ мақсаты:
Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар кезінде командалық немесе топтық жұмыстың маңызын түсінеді және көшбасшылық дағдылармен жұмыс жасайды.
Бағалау критерийлері:
топта бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады;
тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар арқылы негізгі қозғалыс координациялары қалыптастырады;
көшбасшылық дағдыларымен жұмыс жасайды.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Берілген жаттығуларды талапқа сай орындайды;
- Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;
- Топталудың түрлерін атайды және жаттығуларды ретімен орындайды;
- Өз қозғалысының жақсы жақтарын көрсетеді;
- Тепе-теңдікті сақтауға қатысты жаттығуларды орындауды біледі.
Тепе-теңдікке арналған ойындар
Дене жаттығуын орындау кезінде күш жұмсаудың әсерімен адамның бүкіл денесінің жеке оның бөліктерінің тепе-теңдігін сақтау жағдайларын зерттейтін, дене жаттығуларының биомеханикасының бөлімі. Дене сайысында ширатылған бұлшық еттердің әрекетімен барлық сыртқы күштердің тең қалыпта болу жағдайы қарастырылады; тірелудің барлық жағдайларында (жоғары, төмен, аралас) адам денесінің тепетеңдігі тиісті міндеттерді орындау үшін ең тиімді қалыптар (бастапқы және серелік қалып зерттелуі). Дене жаттығуы сайысы дене жаттығуларының өзгерістерімен тығыз байланыста, өйткені статикалық жағдайдан қимыл-қозғалыс басталады, ал ол бастапқы қалыптың өзгешелігі кеп жағдайда тәуелді; Қозғалыс кезінде дененің кейбір бөліктері тірелу кезінде қозғалыссыз болады. Дене жаттығуы сайысында статикалық қалыпта бұлшық еттердің жүмыс жасау ерекшеліктері, бұл реттегі тыныс алу зерттеледі, сондай-ақ тиісті қалыптарға жалпы баға берілді.
Тапсырма
(Тәж, Ж, ҚБ) Тепе-теңдік жаттығулары.
Сынып шағын топтарға бөлінеді, келесідей жаттығуларды орындау ұсынылады. Аяқтың ұшымен жүру, отырып алға еңкейу, арқамен алға жүру. Алға алмакезек адымдар. Қолдан ұстап екеуден, үшеуден жанмен қозғалулар. Алға қозғала отырып бір аяққа секіру және қарлығаш бейнесін жасу. Оң аяққа тіреле отырып сол аяқты артқа созу. Бір тізеге тіреліп, қолдардың көмегімен тұру. Аяқтардың ұшымен 180 градусқа бұрылу, артқа керіле секіріп түсу.
Тепе-теңдікке арналған жаттығулар
- қауіпсіздік ережесін біледі;
- тепе-теңдікті сақтайды;
- шағын топта тиімді әрекет етеді.
Дескриптор:
Сабақты қорытындылау
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы
қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?