Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 43 сабақ.


Дидактикалық материал43

Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біз-дің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Алады

  • Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
  • Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
  • Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
  • Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
  • Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған.

 Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

 Дене сымбатына арналған жаттығулар кешені

 Аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары көтеріп, саусақтың ұшына көз алмай қарап тұрып, кеудені жоғары қарай көтеру.

 Екі қолды дененің екі жағына, жақындатып төмен ұстап, әскери шеруде жүргендей жүру керек: аяқтың ұшын алға созып, табанды түгелдей жерге тигізіп жүру.

 Еденге отырып, аяқты айқастыру. Қолды тізеге қойып, арқаны тіктеу.

 Еденге жатып, іш пен аяқты еденге тақау, қол саусақтарын арқа жақтан айқастыра ұстау. Кеудені алға созып, басты алдыға, жан-жаққа, артқа бұру. Қолды дененің жанында ұстап, басты ғана қозғаймыз.

 Еңкейіп тұрып, басты ақырын бұру. (Омыртқаның кеуде бөлігін бүгу), екі қолды екі жаққа созу.

 Екі иықты алдыға-артқа айналдыру.

 Жамбасты тіреп жатып, кеудені артқа қарай ию.

 Бір орында тұрып, әскерлерше жүру.

 

 

Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

Дене тәрбие жаттығулары:

Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру; бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүрутеріс қарап жүру.

Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен (шөбі шалғын  жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м. қашықтыққа бар екіпінімен жарыса жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30 м. —8,5-7,5 сек).

 Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Бұл топтағы жаттығулар негізі мынадай:

1.  Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

2.  Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

3.  Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Соқыртеке ойыны.

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

«Соқыртеке» ойыны.

Сынып екі топқа тең бөлінбеуі.

Бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрмауы.

Үш-төрт ойыншы шеңбер ішінде, оның бірінің көзін байламауы.

Шеңбер ішіндегі ойыншылар көзі байлаулы жүргізушіні қолымен түртпеуі.

Жүргізушы оны шеңбер ішнде бір ойыншыны ұстап есімін айтып беруі тиіс екенін білмеуі.

Егер жүргізуші дұрыс тауып есімін айтатын болса сол ұсталған ойыншы көзін байлап ойынды жалғастырады.

«Соккыртеке» ойынының ережесін сақтау

Ойын барысында оқушылар шеңбер ішінен жүгіріп шығуға болмайды екенін ескермегені.

Жүргізушіні түрткен кезде қолмен соғуға болмайтынын білмеуі.

Арақашықтықты сақтайды.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында арақашықтық сақтамауы.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамауы.

  • Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме:

Интернет ресурстарына сілтеме: «Балаларға арналған қазақтың ұлттық ойындары» http://www.bilu.kz/igry.php

«Соқыр теке» ойыны https://www.youtube.com/watch?v=5xRxBxM0I4U



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу