Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 43 сабақ.
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіру, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсету
Сабақ мақсаты:
Топтық және дербес дене қимылдарында патриоттық сезімін, өзара іс-қимыл мен адал ойында көрестеді.
Бағалау критерийлері:
патриоттық сезімнің не екенін түсіндіреді;
топтық және дербес дене қимылдарында патриоттық сезімін көрсетеді
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Қазақтың ұлттық ойындарының ережесін біледі;
- Ұлттық ойындардағы жаттығуларды талапқа сай орындайды;
- Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;
Қазақтың ұлттық ойндары кезінде ойын тәсілдерін меңереді:
- Қазақтың ұлттық ойындары оқушылардың шапшаңдық, ептілік, төзімділік қасиеттерін дамытады.
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біз-дің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Алады
Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған.
Тапсырма
(С, Ж, ҚБ) «Соккыртеке». Сынып екі топқа бөлініп, бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрады, ал үш-төрт ойыншы шеңбер ішінде, оның бірінің көзін байланады ол жүргізуші. Шеңбер ішіндегі ойыншылар көзі байлаулы жүргізушіні қолымен түртеді. Жүргізушы оны шеңбер ішнде бір ойыншыны ұстап есімін айтып беруі тиіс. Егер жүргізуші дұрыс тауып есімін айтатын болса сол ұсталған ойыншы көзін байлап ойынды жалғастырады. Оқушыларды қазақтың ұлттық ойын ережелерімен және «Соккыртеке» ойынының тарихымен таныстыру.
Ойын барысында оқушылар шеңбер ішінен жүгіріп шығуға болмайды. Жүргізушіні түрткен кезде қолмен соғуға болмайды.
Соқыртеке ойыны.
- қозғалмалы ойындардың қауіпсіздік ережесін біледі;
- ойын барысында түрлі айла, амалдар қолдануды түсінеді;
- ойынды әділ бәсекелестікте ойнайды.
Дескриптор:
Сабақты қорытындылау
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы
қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?