Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 26 сабақ.
№26 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.
Тақырып: Қауіпсіздік ережесі Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту
Гимнастика бұл- гармониялық дене тәрбиелеу, денсаулықты нығайту және дене қабілеттерін жетілдіру үшін арнаулы таңдап алынған жаттығулар мен әдістемелік тәсілдердің жүйесі. Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында негізгі гимнастика өте маңыздылардың бірі болып табылады. Негізгі гимнастиканың сипатты ерекшеліктеріне байланысты гимнастикалық жаттығулар балалардың барлық жас топтарына дене тәрбиесінің қолайлы және тиімді тәсілі болып келеді.
Оқушылар дене бітімінің дұрыс дамуы, денсаулықтың нығайюы, жұмыс қабілетінің артуы, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Оқушының денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғам барынша мүдделі. Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан, күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Мектептегі дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерден өзіндік ерекшелігі бар. Оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі.
Гимнастика- адамның дұрыс қозғалысының, күш қуатының, сымбатының т.б адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы.
Тақырыпқа сай оқушы әрекеті:
Мұғалім берген тапсырманы шағын топтарда немесе жекелей орындап көрсету, қауіпсіздік ережесін сақтау.
Гимнастикалық жаттығу түрлері. (құралмен, құралсыз)
Эстафетаға керекті құрал-жабдықтар
гимнастикалық резинка доптар
гимнастикалық шығыршықтар
доптар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?