Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 27 сабақ.


№27 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту

Сабақтың кіріспе бөлімінде Сергіту сәттерін, қыздырыну жаттығуларын ұйымдастыру. Оқушылардың тапсырмалармен, жаттығулармен жұмыс жасаудағы іс-әрекеттерін бағалау. Денсаулықтың қадірін түсіндіру. Сұрақ-жауаптар арқылы күнделікті дене жаттығуларының маңыздылығын түсіндіру.

Акробатика сабақтарының алдында барлық дене бұлшық еттерін жақсы созу керек, бұл ширатуды қамтиды.

Оқушылар созылуға арналған жаттығулар кешенін орындайды.

Сабақтың негізгі бөлімінде Оқушыларға гимнастика бөлімінің қауіпсіздік ережесімен мұқият таныстыру. Денсаулықлық жайында терең мағлұматтар бере отырып, денсаулықты күту үшін, күнделікті дене жаттығуларың дұрыс орындалуын түсіндіру.

Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережесі:

  • денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;
  • гимнастикалық құрал-жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек;
  • жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;
  • секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш (маты) төсеу қажет;
  • спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;
  • бірінің артынан бірі жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын;
  • гимнастикалық құрал-жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттігін ұмытуға болмайды. Құрал-жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін;
  • арқан бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек;
  • гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды;
  • гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту

Оқушыларды екі немесе үш шағын топтарға бөліп, гимнастикалық элементтері бар кешенді жаттығулардың кем деген бес түрін көрсетіп, орындап беру. Топтардың дайындығына 5-10 минут уақыт беру.

Дискрипторлар:

  • Гимнастика сабағында қауіпсіздік ережесін сақтау;
  • 4-5 би немесе гимнастикалық элеметтерді көрсету;
  • Жекелей де кешенді жаттығуларды көрсету.

Эстафеталық ойын түрлері

1- Гимнастикалық доппен секіріп жүгіру

2-Шығыршықпен белгіні айналып жүгіріп келу. Шығыршықты белге айналдырып немесе жерге айналдырып жүгіру.

3-Ойыншылар екі қолмен екі допты жерге сырғанатып алып журу. Белгіге қойып кетеді келесі ойыны алып кетеді. Ойын осылай жалғасады.

Сабақтың қорытынды бөлімінде

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Дене жаттығуларына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=9mnM6j4i46s



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу