Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 27 сабақ.


3 сынып

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі

Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту

Оқу мақсаты:

3.3.4.4Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету

Сабақ мақсаты:

Гимнастика сабағында қауіпсіздік ережесін сақтау маңыздылығын түсіндіру.

Жаттығулар арқылы икемділікті дамытуды көрсету

Бағалау критерийлері:

- Оқушылар қауіпсіздік ережесін біледі және де түсіндіріп береді;

- Олар кешенді жаттығуларды және би жаттығуларын көрсетеді.

Гимнастика бұл- гармониялық дене тәрбиелеу, денсаулықты нығайту және дене қабілеттерін жетілдіру үшін арнаулы таңдап алынған жаттығулар мен әдістемелік тәсілдердің жүйесі. Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында негізгі гимнастика өте маңыздылардың бірі болып табылады. Негізгі гимнастиканың сипатты ерекшеліктеріне байланысты гимнастикалық жаттығулар балалардың барлық жас топтарына дене тәрбиесінің қолайлы және тиімді тәсілі болып келеді.

Оқушылар дене бітімінің дұрыс дамуы, денсаулықтың нығайюы, жұмыс қабілетінің артуы, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Оқушының денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғам барынша мүдделі. Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан, күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.

Мектептегі дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерден өзіндік ерекшелігі бар. Оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі.

Гимнастика- адамның дұрыс қозғалысының, күш қуатының, сымбатының т.б адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы.

Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар гимнастикалық жаттығулар сериясы арқылы ептілікке, күшке, иілгіштікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдік сақтауға және корординацияға арналған ойындар ойнайды.

Бөлім оқушылардың аэробика мен қозғалмалы ойындар көмегімен тепе-теңдіктегі жаттығуларды, акробатикадағы гимнастикалық дағдыларын жетілдіруге көмектесетін жекелей, жұптық және топтық тапсырмалардың бірқатар қимыл әрекеттерін қамтиды.

Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережесі:

денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;

гимнастикалық құрал-жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек;

жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;

секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш (маты) төсеу қажет;

спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;

бірінің артынан бірі жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын;

гимнастикалық құрал-жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттігін ұмытуға болмайды. Құрал-жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін;

арқан бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек;

гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды;

гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

Қыздырынуға бағытталған дене жаттығулары

Акробатика сабақтарының алдында барлық дене бұлшық еттерін жақсы созу керек, бұл ширатуды қамтиды.

Оқушылар созылуға арналған жаттығулар кешенін орындайды.

Сабақта орын алатын фрагменттер. Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.

Денені қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Денсаулықты күту бізге не береді?

Оқушының дене дайындық формасы дамиды, қозғалыс үйлесімділігі пайда болады;

Денсаулықты күту, таң ертеңгілік жаттығу орындау деген сияқты түсініктер игеріледі;

Оқушы ішкі эмоцияларын жаттығумен нақты жеткізуге үйрененеді, шығармашылық белсенділік артады;

Енжар оқушылардың ортақ жұмыс арқылы ашылуына көмектеседі;

Жас ағзаның жазылып, еркін қозғалу мүмкіндігін сынайды;

Денсаулыққа деген махаббат тәрбиеленеді;

Қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге қалыптастырады

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;

Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия

[attachment=62009:2_dsh-3-synyp-3-blim_-akrobatika-negizderindegi-gimnastika_-zhattyular-aryly-ikemdilikti-damytu_-prezentacija-27.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?