Тепе-теңдікті дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 35 сабақ.


3 сынып

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

Сабақтың тақырыбы:Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар.

Оқу мақсаты:

3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастау.

3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану

Сабақ мақсаты:

Жұмыс барысында өзінің және командалық жұмыстың маңызын түсінеді, өзінің шығармашылық, көшбасшылық рөлін сабақ барысында қолданады

Бағалау критерийлері:

- Оқушылар мақсатқа қол жеткізуде өзінің және командалық жұмыстың маңызын түсінеді;

- Өзінің шығармашылық рөлін пайдаланады, көшбасшылық рөлін сабақ барысында көрсетеді.

Тепе-теңдік жаттығуларың әсері:

Тепе-теңдіқ сақтау жаттығулары 

Тіректің  әртүрлі  жағдайында  тепе-теңдігін  сақтау  білу  қабілеті күрделі,  бірақ  өмірде  манызды  дағды  болып   табылады.  Осы  міндет  балалық  шақ  жасынан  дами  бастайды,  

6-7  жастағы  балалар  дененің  тік қалыппын еркін сақтай алады. Тепе-теңдік сақтау міндеттің табиғи дамуы  мектеп  жасында  жалғасады,  ал  оны  

жетілдіру  үшін  арнайы  жаттықтыру керек.

Тепе-теңдік  сақтау  жаттығулар  динамикалық,  қозғалу  кезінде  тепе-

теңдік  сақтау,  және  статикалық,  бір  орында  тұрып  тепе-теңдік  сақтау, 

және  де  аралас,  белгілі  қозғалыс  әрекеттерден  кейін  өз  қалпын  сақтау, 

түрлеріне бөлуге болады. 

Негізгі динамикалық жаттығуларға жатады: 

– жүру  түрлері(жай  жүру,  аяқ  ұшымен  ,  қырындап,  арқамен  адына 

қарап, тіркеме қадаммен, көзді жұмып, қолдың, дене және аяқтың әр түрлі  қозғалыстарын қоса жүру), 

– әртүрлі әдістермен жүгіріп өту, жүқ көтеріп жүру, 

– кедергілерден өту және т.б. 

Осы  жаттығулар  гимнастикалық  бөренеде  және  орындықтарда  жасауға  болады.  Тіректің  биіктігі  біртіндеп  көтеріледі   1  сыныпта  60  см  бастап,  жоғарғы  сыныптарда  110  см  дейін  көтеріледі.  Тосқауыл  ретінде  секіртпе, таяқтар және т.б. заттар пайдаланады. Жүк ретінде тығыздалған доптар пайдаланады

Статикалық  жаттығуларға  екі  аяқтағы  әр  түрлі  тұрыстар,бір  аяқтағы  әр  түрлі  қалыптағы  тұрыстар  (бос  аяқ  алдына,  артқа  және  т.б.), шектелген  тіректе,  отыру,  жауырында,  білекте,  баспен  қолда,  қолмен  тік  тұрыстар жатады. 

Аралас  жаттығуларға  қозғалу  әрекеттен  кейін  тұрақты  статикалық  қалыпты  сақтау  керек  қылатын  жаттығулар  жатады.  Осы  топтың  ең сипатты  жаттығулар  әр  түрлі  секірулерден  кейін  жерге  қону  болып  табылады.  Дұрыс  және  тұрақты  жерге  қонуды  бастауыш  сыныптардан бастап  үйрету  керек.  Бастапқыда  оны  қарапайым  қозғалыс  әрекеттерден  (жоғары секіру, шамалы биіктіктен және т.б.) кейін үйретеді. 

Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар гимнастикалық жаттығулар сериясы арқылы ептілікке, күшке, иілгіштікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдік сақтауға және корординацияға арналған ойындар ойнайды.

Бөлім оқушылардың аэробика мен қозғалмалы ойындар көмегімен тепе-теңдіктегі жаттығуларды, акробатикадағы гимнастикалық дағдыларын жетілдіруге көмектесетін жекелей, жұптық және топтық тапсырмалардың бірқатар қимыл әрекеттерін қамтиды.

Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.

Тепе теңдік жаттығуларының түрлерін атап өту. Жаттығулардың орындалуын оқушылармен бірге талқылау.

Тапсырма ретінде оқушыларды жұптарға бөлініп, кіші бөрененің үстінде тепе-теңдік сақтап жүргізу, бір аяққа бұрылу әдісін орындатқызу. Жаттығуларды орындау барысында бір-біріне көмек көрсету және бағалау.

 

тепе-тендікті сақтақ бөрененің үстінде жүру, бір аяққа 90 градусқа бұрылу.

Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.

жекелей «қарлығаш» әдісін орындау

Дискриптор:

- Тепе-теңдікті сақтап, бөрене үстінде жүре алады;

- Бұрылу кезінде аяқтарды дұрыс қояды;

- Серіктесінің көмегінсіз жаттығуды дұрыс орындайды.

Жұпта тапсырмаларды орындап болғаннан кейін бір-бірінің жұмысын бағалау. Кемшіліктерді атап кету. Қателіктермен жұмыс жасау.

Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.

Уақы қалса, қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.

Оқущылар «Тепе-теңдіктен шығару» ойынын ойнайды. Екі команда қатысады. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта аударылған үш гимнастикалық орындықта орналасады. Қарсыластар бір-бірін итеріп тепе-теңдіктен шығаруға тырысады.

Қатысушылардың біреуі құласа командаға бір ұпай жазылады.

Ойынның нұсқасы: жеңімпаз келесі ойыншымен кездеседі. Қарсыластар қалмағанша жалғаса береді. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

 

Денені қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Денсаулықты күту бізге не береді?

Оқушының дене дайындық формасы дамиды, қозғалыс үйлесімділігі пайда болады;

Денсаулықты күту, таң ертеңгілік, гимнастикалық, фитнес жаттығу орындау деген сияқты түсініктер игеріледі;

Оқушы ішкі эмоцияларын жаттығумен нақты жеткізуге үйрененеді, шығармашылық белсенділік артады;

Енжар оқушылардың ортақ жұмыс арқылы ашылуына көмектеседі;

Жас ағзаның жазылып, еркін қозғалу мүмкіндігін сынайды;

Денсаулыққа деген махаббат тәрбиеленеді;

Қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге қалыптастырады

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;

Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;

Гимнастикалық, акробатикалық, фитнес, тепе-теңдік жаттығуларын игере алады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу