Тепе-теңдікті дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 37 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 37

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тепе-теңдікті дамытуға арналған жаттығулар

Оқу мақсаттары

3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастау.

3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • Жұмыс барысында өзінің және командалық жұмыстың маңызын түсінеді, өзінің шығармашылық, көшбасшылық рөлін сабақ барысында қолданады

 Бағалау критерийлері

  • Оқушылар мақсатқа қол жеткізуде өзінің және командалық жұмыстың маңызын түсінеді;
  • Өзінің шығармашылық рөлін пайдаланады, көшбасшылық рөлін сабақ барысында көрсетеді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

Гимнастикалық қозғалыс дағдыларын көрсету

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • ептілік, тепе-теңдік
  • координация, күш

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып тепе теңдік жаттығуларын қалай орындаймыз?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.

Мәдениетаралық түсінікті дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Хореография (ритмикалық, тепе-теңдік, акробатикалық жаттығуларды орындау барысында аяқ-қолдың икемділігі мен үйлесімділігін анықтайды)

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ арқылы жаттығулардың орындалуын оқушыларға көрсету.

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар гимнастикалық жаттығулар сериясы арқылы ептілікке, күшке, иілгіштікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдік сақтауға және корординацияға арналған ойындар ойнайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

  • Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
  • Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

  • Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
  • Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
  • Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
  • Өкшені артқа лақтырып жүгіру
  • Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
  • Артпен жүгіру
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.

Ысқырық, секундомер т.б

Сабақтың ортасы

25 мин.

«Тепе-теңдіктідамытуға арналған ойындар»

Оқушылармен бірге өткізілген тақырыпттарға шолу жасау арқылы, тепе-теңдік жаттығуларының түрлерін атап өту. Тепе-теңдік жаттығуларын орындауда қандай қиыншылықтар кездесетінін анықтау және бүгінгі сабақтың мақсатына жетуде жекелей тапсырмалар беру.

Яғни, кіші гимнастикалық бөрененің үстінде бастарына кітап қойып, тепе-теңдік сақтап жүру.

  • Бөрененің үстінде тепе-теңдік сақтап жүру;
  • Бір аяқпен 90 градуска бұрылысты орындау;
  • Бөрененің үстінде жартылай отырып жүру.

Жекелей жұмыс жасау. Тепе-теңдікті сақтап, «Қарлығаш» әдісінің түрлерін орындау. Оқушылар өздері гимнастикалық матаның үстінде жекелей жұмыс жасайды.

Гимнастикалық маттар, кілемшелер. Бос кеңістік, әендік сүйемелдеу.

Гимнастикалық маттар, орындықтар, бөрене және саты.

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Арнайы дәрігерлік топтағы оқушылар және сабақтан уақытша босатылған оқушылар көшбасшылық міндетін атқарады.

-барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындау кезінде басшылыққа алады;

-оқушылардың басым көпшілігі кешенді жаттығуларын орындай алады және босатылған оқушылар бағалайды ;

-кейбір оқушылар үш нүкте жасап ,яғни басқа тұру жаттығуларын орындай алады.

Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы сыныптастарымен талқылай алады;

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады;

Нақты бағалау үшін жоғарыда көрсетілген алдын-ала дайындалған критерийлерді пайдаланамын.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы,

тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу