Қозғалыс үйлесіміне арналған іс-қимыл ойындары. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене
шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 10
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар. Ортақ тақырып: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Қозғалыс үйлесіміне арналған іс-қимыл ойындары. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.1 Жаттығуларды орындау кезінде дене қасиеттерді анықтау және орындау. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Осы ойындардың көмегі арқылы қозғалыс дәлдігі, реакция жылдамдығы дамыту. Қозғалыс дәлдігін, зейін қою, реакция жылдамдығын дамыту. | ||||||
Бағалау критерийлері | Жаттығуларды орындау кезінде дене қасиеттерін анықтайды және орындалуына мән береді. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдаужәне пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері). | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бөлімдың мазмұны оқушылардың іс-қимыл ойындарының көмегімен келесі элементтер мен комбинацияларды түсінуін дамытуға бағытталға: динамика, кеңістік, іс-қимыл және қарым-қатынас, Оқушыларға осы элементтерді олардың қызметіне алуан түрлілік қосуға арналған құралдар ретінде пайдалану ұсынылады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылардың допты лақтыру, допты қолмен беру сияқты допты меңгеру тәжірбесі бар, жүгіру және ойын алаңында қозғалыс дағдыларын біледі, жүгіру кзінде қозғалыс бағытын өзгерте алады, кейбір ойын ережелерін біледі. | ||||||
Сабақ барысы. | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. | Осы қызмет түрі үшін үлкен, бос ойын кеңістігі. Диаметрі үлкен емес 3-10 дана доп, ойын кеңістігін белгілеу үшін бор, Ысқырық, гимнастикалық орындықтар. | |||||
Сабақтың ортасы
| (Б, К, Ф) Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім бірінен соң бірін 2-3 допты шеңбердің ортасына домалатады. Доптар тоқтамауы және шеңбердің сыртына шықпауы тиіс, оларды аяқпен немесе қолмен итеруге болады. Егер оқушылар ойын шартын дұрыс орындаса, мұғалім қосымша доптарды енгізеді. Егер доп ортада тоқтап қалса, мұғалім оны алып тастайды. Шеңбердегі доп саны бойынша рекорд орнатуға тырысу керек. (Б) Оқушылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай, көршісіне жылдам беруге тырысады. Барынша жылдам қақынмен бір-біріне доп лақтыруға немесе шеңберге арқасымен тұрып және қолды арқаға ұстап беруге болады. Жаттығуды балаларды көзін жауып немесе ойында бір уақытта бірнеше доппен ойнауды сұрау арқылы күрделендіруге болады. | Осы қызмет түрі үшін үлкен, бос ойын кеңістігі. Диаметрі орташа 1-3 дана доп. Ысқырық, гимнастикалық орындықтар. | |||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Оқушалардан бұл ойындарда қандай тәуекел бар екенін және қалай қимыл-қозғалыстардың мағынасын сұрау. Оқушылардың өз бетінше таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен, жұппен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. | Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?