Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 13 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.
Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.
Әдістемелік нұсқаулық
Орташа қашықтықта жүгіруді үйрету бойынша ұсыныстар.
Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық күш-қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. Жүгірістің бұл түріне тəн нəрсе – аяқтың қуат-ты түрде жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұлшық етті, буынды бос
күйде ұстап жүгіру. Жоғары разрядтағы спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіргенде
сөрелік тірегішті қолданады. Жарыс кезінде əр спортшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етеді, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей жасалады. Артқы тірегіштін бұрышы 80 градусқа дейін өзгертуге болады. Сөре сызығында тірегішті орналастыру мынадай түрге бөлінеді:
əдеттегі сөреден шығарда алдыңғы тірегішті сөре сызығынан 1- 1,5 табан, ал артқы тірегішті тізе ұзындығы мөлшерінде орналастырады.
Сөреден шығар кезде артқы тірегішті алдыңғы тірегішке жақындастыруға болады,
алдыңғы тірегішті сөре сызығынан алшақ қояюға да болады. Бұлай істеу сөре жағдайына байланысты болмақ.
2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар
Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
Оқу мақсаттары:
3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету
Сабақтың мақсаты:
- Қозғалмалы ойын кезінде рөлдердегі айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді.
Бағалау критерийлері:
- рөлдердің арасындағы айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді;
- қозғалмалы ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Сабақтың басы.
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.
Әдістемелік нұсқаулық
Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Ойынға арналған алаңды даярлау. Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.
Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау. Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек, бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.
Ойынды алдын-ала талдау. Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет. Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек. Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.
Әдістемелік нұсқаулық.
2. Сабақтың ортасы.
«Күн» мен «Түн» - ойыны.
- Ойын ережесін түсіндіру.
- Ойыншыларды бірнеше командаға бөлу.
- Әр команда бөлек-бөлек колонна болып тұрады.
- Алаңнын ортасына біріне - бірі параллель екі сызық сызылады, олардың арақашықтығы 1-1,5 м.
- Ал, сол екі түзу сызықтын екі жағынан 10-20 м. қашықтықта «үйлер» сызықтары сызылады.
- Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, орта сызықта қатар тұрып өздерінің «үйлеріне» беті жағымен тұрады.
- Бір команда «түн», бірі «күн» болады.
- Жетекші «күн» деп команда бергенде, «түн» командасының ойыншылары өз үйлеріне қашуы тиіс, ал «күн» командасы оларды ұстауға тырысады.
- Ұсталған ойыншылардың санын есептеп болған соң өз командасына жібереді.
- Белгіні оқыс түрде берген абзал.
- Осы түрде ойын жалғаса береді.
- Ал жетекші команда беруде екінші бір түрін қолдануы мүмкін.
- Мысалы бір дөңгелек нәрсені алып, оның бір жағы ақ, бір жағы қара болады.
- Ақ жағы - «күн» деген команданы білдіреді, ал қара жағы - «түн» деген команданы білдіреді.
- Жетекші ойыншыладың көңілін бөлу үшін ойын барысында түрлі-түрлі жаттығулар жасауы мүмкін.
Ойынды бірнеше рет ойнауға болады. Ойын соңынан қай команда көп ойыншы ұстайды, сол жеңімпаз болады.
Ереже: 1. Команда берілместен бұрын үйге қашып кетуге болмайды. 2. Ойыншыларды тек үйдің сызығына жеткенше ұстау керек. 3. Ұсталган ойыншылар есепке кіргеннен кейін қайтадан ойнауга болады.
3.Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары № 13Дене шынықтыру
Сынып: ____3_____ Күні: ___________
2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар
Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
Оқу мақсаттары: 3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету
Сабақтың мақсаты:
- Қозғалмалы ойын кезінде рөлдердегі айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді.
Бағалау критерийлері:
- рөлдердің арасындағы айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді;
- қозғалмалы ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Ойлау деңгейінің дағдысы: түсінеді, қолданады
№ 1 Тапсырма: Жетекші «күн» деп команда бергенде, «түн» командасының ойыншылары өз үйлеріне қашуы тиіс, ал «күн» командасы оларды ұстауға тырысады.
№ 2 Тапсырма: Мысалы бір дөңгелек нәрсені алып, оның бір жағы ақ, бір жағы қара болады.
№ п/п | Аты-жөні оқушының |
| |||||
Қауіпсздік ережесінің техникасын сақтайды | «Күн» мен «Түн» командасын түсінеді; қорғаныстағы әдіс-тәсілдерді құрады және оны ойында қолданады. | Техниканы дұрыс орындайды | Өз-өзінің іс-әрекетін бағалайды, жіберген қателерін анықтайды, ілгерідегі әрекетін түзетеді | ||||
1 | |||||||
2 |
- Қорытындыны белгілеу үшін мына белгідерді пайдалануға болады:
- V - (өте жақсы)
- Z – (жақсы)
- S - (әліде жұмыстану керек)
Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:
http://bilimdiler.kz/balabaksha/5085-kimyldy-oyyndar.html
«Тұтқын алу» - ойыны.Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал- ай, бұлал- ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал -ай, бұлал- айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды.«Шалма» - ойыны.
Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі бір жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншының әлгі жіпті екі қолына, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңғыршақ» пайда болады. Екінші адам бас бармақ және сұқ қолмен ыңғыршақтың екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда – «шаңырақ», төртіншіде – «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» болып қайталана береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?