Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 15 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.

Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.

Әдістемелік нұсқаулық

Допты лақтыру және қағып алу әдісін үйрету нұсқаулығы. Бір-біріне допты лақтыру және қағып алу. Допты бір-біріне бағытын сақтай отырып лақтыру және екі қолмен қағып алуға үйрету. Бір-біріне допты беру және доптың ұшу бағытын қадағалау, допты күтіп алу әдістерін меңгерту. Оқушылардың дене бұлшықеттерін дамыту. Доппен арнайы жаттығулар. Доп беру әдістері: Допты екі қолмен кеуде тұсына беру. Алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру; Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады; Допты екі қолмен кеудеден беру. Допты екі қолмен төменнен беру Доп берудің бұл түрін бір - біріне жақын тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарына қолданады. Допты бір қолмен беру. Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру.Оқушыларға

қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету. Допты ұстау. Допты ұсынған бетте тез әріптесіне беру; Допты ұстау кезінде орнықты тепе - теңдікті сақтаған қалыпта және кез - келген еркін қозғалатындай ыңғайда болуы керек; Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанда ұшып келе жатқан допты қарсы бағыттау керек.

Әдістемелік нұсқаулық

Дене шынықтыру және спорт ойындар

Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организімді нығайтуға мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеге мынандай сапалық өзгерістер іске асады. 1)                 Сыртқы дене бітімі өзгеріп әдемілене түседі.

2)                 Қимыл — қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене иқемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады. Дене шынықтыру және спорт жаттығуларының негізгі бұлшық еттердің қимыл — қозғалыс жасауы болып табылады. Қажет деп есептелген қимыл — қозғалысты орындағанда адамның көңіл — күйі ғана көтеріліп қоймай, оның бұлшық еттері де сергіп, рахаттанатын болады.Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан — жақты өсіп жетілуіне қолайлы жағдай туғызады. Жаттықтырудың қорытынды бөлімі күш түсірудер кейін спортшының организімін қалпына келтіру процесін тездету үшін өткізіледі. Денені босату жаттығулары, жеңіл жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады. Жаттықтыру сабақтары жеке, топтық, фронтальдық, айнымалы жаттығулар түрлеріне өткізіледі. Әрбір жатықтыру сабағын конспекті жазады. Конспектіде жаттықтыру өткізу күні, ұзақтығы, міндеттері, құрал — жабдықтар, жаттығуларды орындау саны әдістемелік нұсқаулар көрсетіледі. Жаттықтыру процесі барысында қолданылған әдістер мен бағалауды қолдану қажет. Бақылау сапалы болу үшін спортшының жаттықтыруы мен жарыс жүктемелерін, амалдарды тізімдеп, қағазға түсіріп отыруы керек. Артық жаттығу түрлері күш түсіруге көп болмайды. Спорттың негізгі әлеуметтік қызметі дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдасын жетілдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спортпен шұғылдану балалардың бойында көпшілік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, мінез — құлықтары қалыптасқан. Жас спортшыларды тәрбиелеуге жатықтырушы ата — аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болмақ.

Сілтеме: https://moluch.ru/archive/67/11486/

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары

Оқу мақсаттары:

3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету

Сабақтың мақсаты:

- Қозғалмалы ойын кезінде рөлдердегі айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді.

Бағалау критерийлері:

  • рөлдердің арасындағы айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді;
  • қозғалмалы ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Сабақтың басы.

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.

Әдістемелік нұсқаулық

 Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Ойынға арналған алаңды даярлау. Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.

Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау. Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек,  бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.

Ойынды алдын-ала талдау. Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет. Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек. Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.

Әдістемелік нұсқаулық

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.
  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.
  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
  • Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
  • Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.
  • Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.
  • Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.
  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
  • Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
  • Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.

Жеңіл атлетика сабағында басты көңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.

 Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.

 Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқ киімдер.

 

2. Сабақтың ортасы.

Әдістемелік нұсқаулық.

«Түлкі мен тауықтар» - ойыны.

  • Ойын ережесін түсіндіру.
  • Команда шеңберде, жүргізуші ортада тұрады.
  • Жүргізуші бір ойыншының атын атап допты лақтырып, оны шеңберде тұрған кез келген ойыншыға лақтыруы мүмкін.
  • Допты алған ойыншы оны алақанымен немесе саусағымен жүргізушіге немесе басқа бір ойыншыға беріп, ойынды жалғастырады.
  • Ойыншылардың мақсаты – допты жерге түсірмей, оны ауада ұзақ ұстап тұру.
  • Доп жерге түсіп кеткен кезде, қателік жіберген ойыншы жүргізуші болып, жүргізуші оның орнына тұрады.
  • Допты бір реттен артық ұстауға болмайды, допты тек білекпен беру керек.
  • Допты ұзақ ұстаған және жүргізушіні аз ауыстырған команда жеңіске жетеді.
  • Ойын басталмас бұрын доп беру техникасын ескерту керек.
  • Доптың волейбол добымен ойналатын ойындарда қозғалыс дағдыларын дамытатындығын, ептілікке тәрбиелейтіндігін, бірігіп жұмыс жасауды арттыратындығын түсіндіру керек.
  • Ойынды аз адаммен шеңберде ойнату жақсырақ болып есептеседі.
  • Бірде бір рет жүргізуші болмаған ойыншы үздік болып саналады.

3.Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

«Қамалды қорға» - ойыны.

Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

«Дөңгелек лапта» - ойыны.

Ойынның құрылымы өткен ойындағыдай, тек ойыншылардың рольдері өзгереді. Шеңбер немесе төртбұрыш бойында — жүргізушілер, ал шеңбер ішінде — алаң оныншылары.

Жүргізушілер допты ойыншыларға тигізуге тырысады. Ал, енді доп тиген ойыншы уақытша ойыннан шығады. Егер ойыншылардопты әуеде ұстап алса, онда шығып кеткен бір ойыншы ойынға қайта қосылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу