Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 15 сабақ.
3 сынып
2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар
Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындардағы
қозғалыс дағдылары
Оқу мақсаттары:
3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;
- Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Қозғалмалы ойындардың қозғалыс дағдылары ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Олар; шапшаңдық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттерін комплексте дамытылады. Қозғалмалы ойындарының көпшілігі шапшаңдылықты талап етеді. Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыс белсенділігі және қуаты қозғалыстың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді. Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажетті ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерде көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады. Дене тәрбиесінде қозғалмалы ойындар оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушылардың ептілік, жылдамдық қасиетін дамыта отырып, төзімділікке тәрбиелейді.
Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
Тапсырма
«Ауадағы доп». Команда шеңберде, жүргізуші ортада тұрады.
Жүргізуші допты лақтырып, оны шеңберде тұрған кез келген ойыншыға лақтырады. Допты алған ойыншы оны алақанымен немесе саусағымен жүргізушіге немесе басқа бір ойыншыға беріп, ойынды жалғастырады.
Ойыншылардың мақсаты – допты жерге түсірмей, оны ауада ұзақ ұстап тұру. Доп жерге түсіп кеткен кезде, қателік жіберген ойыншы жүргізуші болып, жүргізуші оның орнына тұрады. Допты бір реттен артық ұстауға болмайды, допты тек білекпен беру керек. Допты ұзақ ұстаған және жүргізушіні аз ауыстырған команда жеңіске жетеді. Ойын басталмас бұрын доп беру техникасын ескерту керек. Доптың волейбол добымен ойналатын ойындарда қозғалыс дағдыларын дамытатындығын, ептілікке тәрбиелейтіндігін, бірігіп жұмыс жасауды арттыратындығын түсіндіру керек. Ойынды аз адаммен шеңберде ойнату жақсырақ болып есептеседі. Бірде бір рет жүргізуші болмаған ойыншы үздік болып саналады.
Дескриптор:
«Ауадағы доп».
Оқушылар өз жұмыстарынжүргізеді;
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?