Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 17 сабақ.
3 сынып
2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар
Сабақ тақырыбы: Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаттары:
3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;
Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Қозғалмалы ойындардың қозғалыс дағдылары ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Олар; шапшаңдық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттерін комплексте дамытылады. Қозғалмалы ойындарының көпшілігі шапшаңдылықты талап етеді. Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыс белсенділігі және қуаты қозғалыстың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді. Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажетті ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерде көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады. Дене тәрбиесінде қозғалмалы ойындар оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушылардың ептілік, жылдамдық қасиетін дамыта отырып, төзімділікке тәрбиелейді.
Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
Тапсырма
«Кедергілер жолағы».
Дабыл бойынша екі команданың да бірінші ойыншылары алдыға жүгіріп шығады және кедергілер жолағын басып өтеді:
- гимнастикалық матқа алдыға қарай екі рет тоңқалаң асады;
- кедергілерден өтеді;
- гимнастикалық орындықтан жүгіріп өтеді;
- оқтау арқылы бес секіруді орындайды;
Осы кедергілердің бәрінен өткеннен кейін кері қайтады. Жүгіріп келген ойыншы кезекті ойыншының қолынан ұстайды да бағанның соңына тұрады. Ойын команданың барлық мүшелері тапсырманы орындағаннан кейін аяқталады, — бірінші ойыншы қолын жоғары көтереді. Эстафетаны жылдам бітірген команда жеңеді.
Дескриптор:
«Кедергілер жолағы».
Оқушылар өз жұмыстарынжүргізеді;
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды