Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 19 сабақ.
3 сынып
2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар
Сабақ тақырыбы:
Шапшаңдыққа бағытталған
қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаттары:
3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегияларымен және жоспарларымен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолдану
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей білуі;
Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;
Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін – өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттың ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді және ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады.
Қозғалыс және спорт ойындары
Қозғалмалы ойындар
Тапсырма
Жерге диаметрі 1,5 метр болатын шеңбер сызылады. Оның сыртына диаметрі 7-10 метр болатын үлкен шеңбер сызылады. Ойнаушылардың біреуі шеңбердің ішіне тұрады-ол «дақтаушы». Белгі бойынша оқушылар шеңбер сызығынан секіріп, шеңбердің ортасына түседі. Егер ұсталып қалу қауіпі болмаса, біраз уақыт ішінде қала береді. Бір орында екі аяқпен секіріп тұрады да, орталық шеңберге жылжып, ішіне түсуге тырысады. Ойынға қатысушылар «дақтаушыға» ұстатпауға және шеңбердің ішінен уақытында секіріп шығуға тырысады. Ұсталғандар «дақтаушы» болады. Ойын нұсқасы: ойын дәл солай басталады да, ұсталған ойыншылар шеңберден шықпайды, «дақтаушының» көмекшісі болады. «Дақтаушылар» саны беске жеткенде, төртеуі шеңберден шығады. Соңғы ұсталған «дақтаушы» болады. Ойын қайталанады.
Дескриптор:
Оқушылар өз жұмыстарынжүргізеді;
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?