Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 20 сабақ.
3 сынып
2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар
Сабақ тақырыбы:
Шапшаңдыққа бағытталған
қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаттары:
3.2.3.3 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік, білімін қолдану.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей білуі;
Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;
Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін – өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттың ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді және ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады.
Қозғалыс және спорт ойындары
Қозғалмалы ойындар
Тапсырма
«Таяқты ұстап ал» ойыны.
Ойыншылар шеңбер бойынша жетекшіден 3-4 қадамда тұрады, еденге тік қойылған гимнастикалық таяқты қолдарымен ұстайды (оның жоғары жағын алақандарымен жабады).
Барлық ойыншылардың, оның ішінде жетекшінің де реттік нөмірлері болады, қандай да бір нөмірді айқайлап айтқанда ол таяқтың жерге құлауына жол бермей ұстап қалуы қажет. Егер ол оны істей алмаса, онда жетекшінің орнына барады, ал жетекші шеңбердегі оның орнына тұрады. Ал егер ұстап қалуға үлгерсе, онда жетекші орнында қалады. Ойыншылар шеңбердің ортасына бетімен, арқасымен, жанымен тұруларына болады. 2-3 мин. ойынды ойнағаннан кейін бірде-бір рет жетекші болмаған жеңеді. Жетекшілердің нөмірді қатты айтуына және жылдам басқа жаққа кетіп қалуына назар аударыңыз.
Дескриптор:
Оқушылар өз жұмыстарынжүргізеді;
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?