Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 21 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.

Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.

Әдістемелік нұқаулық

Қозғалмалы ойындарда жылдамдығын дамыту реакция бойынша нұсқаулықтар.

Қозғалыс реакциясы - белгілі бір қозғалыстармен немесе әрекеттермен кенет пайда болатын белгіге жауапты. Реакция уақыты сенсорлық тітіркену мен ақыл-ой реакция процессінің уақытына бөлінеді. Бірақ, бір ғана емес, бірнеше бір мезгілде немесе қаталанатын тітіркенулер болуы мүмкін, сондықтан бір немесе бірнеше реакция болуы мүмкін, оларды жәй және күрделі реакция уақытына бөледі. Өз кезегінде күрделі реакциялар таңдау және қозғалыстағы объект реакцияларына бөлінеді.

Қозғалмалы реакцияның жылдамдығын кез-келген қозғалтқыш әрекетінің орындалуымен байланысты, іс жүзінде кез-келген кəсіби қызмет үшін өте маңызды. Осындай кәсіби мәселелерді шешуде ең аз уақыт ішінде кідірместен сигналға жауап беруге қажет болған жағдайлар болады. Қазіргі заманғы техникалық жүйелер, мысалы операторлық қызмет тез жауап беру жылдамдығына жоғары талаптар қояды. Реакция жылдамдығы әртүрлі жекпе-жектер мен спринтерлік жүгіруде яғни барынша жылдамдықпен жүгіріп өту үшін үлкен маңызды болып табылады, кімде кімнің жүйке қозғалыс процессінің және жылдамдық реакциясы басым сол спортшы артықшылығын беріледі.

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Сабақ тақырыбы: Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары:

3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегияларымен және жоспарларымен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолдану

3.2.3.3 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік, білімін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

- Қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын балама түрінде талдап және қолданады;

- Әр түрлі дене жаттығуларын орындау үшін қолайлы оқыту ортасының қажеттілігін қолданады.

Бағалау критерийлері:

  • бірқатар қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын балама түрлерін талдайды;
  • бірқатар қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын балама түрлерін қолданады;
  • түрлі дене жаттығулар идеяларын, ресурстар кеңістігінің білімін ескере отырып қолданады.  

Сабақтың басы.

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.

2. Сабақтың ортасы.

Әдістемелік нұсқаулық.

  • Ойын ережесін түсіндіру.
  • Командадағы әрбір ойыншыда доп болады және алдарында үш шеңбер тұрады.
  • Арнайы белгіге дейін жүгіріп келу керек және бірінші шеңберге өздігінен лақтыру керек
  • Допты қайта алып, бұрынғы сызыққа оралып және екінші шеңберге допты лақтыру қажет т.б.
  • Одан соң қатысушы допты алып үшінші шеңберге лақтырады.
  • Конусты айналып өтеді және жай ғана кері қайтады.
  • Тапсырманы жедел орындаған және шеңберге допты көп түсірген команда жеңеді.
  • Шеңберлерді команданың алдына ертерек қою қажет.
  • Әрбір оқушының шеңберге тұсуі бағаланады.
  • Ұпайларының жалпы сандары жинақталады.

3.Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары 21Дене шынықтыру

Сынып: ____3_____ Күні: ___________

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Сабақ тақырыбы: Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары:

3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегияларымен және жоспарларымен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолдану

3.2.3.3 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік, білімін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

- Қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын балама түрінде талдап және қолданады;

- Әр түрлі дене жаттығуларын орындау үшін қолайлы оқыту ортасының қажеттілігін қолданады.

Бағалау критерийлері:

  • бірқатар қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын балама түрлерін талдайды;
  • бірқатар қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын балама түрлерін қолданады;
  • түрлі дене жаттығулар идеяларын, ресурстар кеңістігінің білімін ескере отырып қолданады.  

Ойлау деңгейінің дағдысы: түсінеді, қолданады

№ 1 Тапсырма: Белгіге дейін жүгіріп келіп бірінші шеңберге допты лақтыру

№ 2 Тапсырма: Допты қайта алып келіп екінші шеңберге допты лақтыру

№ 3 Тапсырма: Ойыншы допты алып үшінші шеңберге лақтырады

№ п/п

Аты-жөні

оқушының

Дескрипторлар

Тапсырма № 1

Ойыншылар арнайы белгіге келу екенін біледі

Өздігінен бірінші шеңберге және екінші шеңберге допты лақтыру керек екенін түсінеді;

Өздігінен допты шеңбердің ішіне түсіру техникасын орындайды

Өз-өзінің іс-әрекетін бағалайды, жіберген қателерін анықтайды, ілгерідегі әрекетін түзетеді

1

2

  • Қорытындыны белгілеу үшін мына белгідерді пайдалануға болады:
  • V - (өте жақсы)
  • Z – (жақсы)
  • S - (әліде жұмыстану керек)

Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

«Кім күшті» - ойыны.

Алаңнын ортасынан сызық сызылады. Осы сызықтан 2-3 м. жерге дейін оңға және солға параллель екі сызық сызылады. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, ортаңғы сызыққа келіп, қарама-қарсы тұрады. Екі команда бой жағынан да, күш жағынан да бірдей болуы керек. Қарама - қарсы тұрған екі ойыншы ортаңғы сызыққа келіп, оң қолдарымен ұстасып, сол қолдарын белдеріне ұстап тартысады. Кім сызықтан асып кетсе, сол ойыншы жеңіліске ұшырайды. Ойын екі команда бірін-бірі өз жағына тартып бітірмейінше аяқталмайды. Жеңімпаз болып қай команда көп тартып алса, сол атанады. Ойынды күрделендіруге болады, яғни екі ойыншы бірін-бірі тартқанда, қалған ойыншылар көмекке келіп, белдерінен ұстап, тартады.

Ережесі: Тартысуды белгі берілгеннен кейін бастайды. Тартысуды келісім бойынша жүргізеді: бір қолмен, екі қолмен тартысу. 3. Ойыншы қарсыласын ортаңғы сызықтан 2-3 метр жердегі сызыққа алып шышғуы керек. 4. Тартысу ыңғайы өзара келісіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу