Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 21 сабақ.


3 сынып

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Сабақ тақырыбы:

Шапшаңдыққа бағытталған

қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары:

3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегияларымен және жоспарларымен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолдану

3.2.3.3 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік, білімін қолдану.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей білуі;

Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;

Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;

Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.

Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін – өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттың ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді және ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады.

Қозғалыс және спорт ойындары

Қозғалмалы ойындар

Тапсырма 1. «Допты шеңберге түсір».

Командадағы әрбір ойыншыда доп болады және алдарында үш шеңбер тұрады. Арнайы белгіге дейін жүгіріп келу керек және бірінші шеңберге өздігінен лақтыру керек, допты қайта алып, бұрынғы сызыққа оралып және екінші шеңберге допты лақтыру қажет т.б., одан соң қатысушы допты алып үшінші шеңберге лақтырады, конусты айналып өтеді және жай ғана кері қайтады. Тапсырманы жедел орындаған және шеңберге допты көп түсірген команда жеңеді. Шеңберлерді команданың алдына ертерек қою қажет. Әрбір оқушының шеңберге тұсуі бағаланады және ұпайларының жалпы са«ндары жинақталады.

Тапсырма 2. «Шеңберден лақтырып шығар» ойыны.

Екі команда ойнайды. Командадан бір ойыншыдан шамамен 1м диаметрлі шеңберге кіреді және қолдарымен гимнастикалық таяқтан ұстап тұрады. Дабыл бойынша олар таяқты ұстап тұрып, қарсыласын шеңберден итеріп шығаруға тырысады. Кім осыған қол жеткізсе, сол өзінің командасына ұпай әкеледі. Ұпайлардың көп санын жинаған команда жеңеді.

ндары жинақталады.

«Допты шеңберге түсір».

Дескриптор:

Оқушылар өз жұмыстарынжүргізеді;

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс

Сабақты қорытындылау.

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу