Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 22 сабақ.
3 сынып
2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар
Сабақ тақырыбы:
Ұжымда жұмыс атқару
Оқу мақсаттары:
3. 3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіру
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей білуі;
Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;
Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін – өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттың ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді және ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады.
Қозғалыс және спорт ойындары
Подвижные игры
Тапсырма
«Бекіністі қорғау». Ойыншылар дөңгелек бойымен тұрады. Олардың бір-біріне арақашықтықтары қол созымдай. Әрбір ойыншының алдынан дөңгелек сызылады, оның ішінде 3 таяқтан бекініс жасалады. Таяқтардың бастары байланады. Бастаушы тағайындалады, ол дөңгелектің ортасында қорғанысты қорғау үшін тұрады. Дөңгелек бойындағы ойыншыларда волейбол добы болады. Берілген белгі бойынша ойыншылар доппен бекіністі құлатуға тырысады. Қорғаушы допты аяғымен, қолымен қағып, бекіністі қорғайды. Бекіністі бұзған адам қорғаушының орнына барады. Ойын белгілі бір уақыт аралығында өткізіледі.
Ережесі.
1. Ойыншылар дөңгелек ішіне кірмеуі керек.
2. Қорғаушы, бекіністі қолымен ұстамауға тиісті.
3. Егер бекініске доп тиіп, бірақ құламаса, онда ол әлі алынған жоқ, сондықтан қорғаушы оны қорғауға тиіс.
4. Егер бекіністі қорғаушының өзі құлатып алса, онда осы уақытта доп кімде болса, сол бекіністі қорғауға барады.
Дескриптор:
«Бекіністі қорғау».
Оқушылар өз жұмыстарынжүргізеді;
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?