Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 24 сабақ.
Дидактикалық материал №24
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
2-нұсқа
Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.
Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)
3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).
4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.
5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).
6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).
7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.
8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).
9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).
10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру. 30 сек.
Карточка №1
Дене сымбатына арналған жаттығулар кешені
Аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары көтеріп, саусақтың ұшына көз алмай қарап тұрып, кеудені жоғары қарай көтеру.
Екі қолды дененің екі жағына, жақындатып төмен ұстап, әскери шеруде жүргендей жүру керек: аяқтың ұшын алға созып, табанды түгелдей жерге тигізіп жүру.
Еденге отырып, аяқты айқастыру. Қолды тізеге қойып, арқаны тіктеу.
Еденге жатып, іш пен аяқты еденге тақау, қол саусақтарын арқа жақтан айқастыра ұстау. Кеудені алға созып, басты алдыға, жан-жаққа, артқа бұру. Қолды дененің жанында ұстап, басты ғана қозғаймыз.
Еңкейіп тұрып, басты ақырын бұру. (Омыртқаның кеуде бөлігін бүгу), екі қолды екі жаққа созу.
Екі иықты алдыға-артқа айналдыру.
Жамбасты тіреп жатып, кеудені артқа қарай ию.
Бір орында тұрып, әскерлерше жүру.
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Дене тәрбие жаттығулары
Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа
ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап
жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүру; теріс қарап жүру.
Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м.
қашықтыққа бар екіпінімен жарыса жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30
м. —8,5-7,5 сек).
Қозғалмалы ойындар өткізнген кездегі қауіпсіздік ережелері.
І. Жалпы қауіпсіздік талаптары.
Сабақтар тек қана жарамды спорттың құрал жабдықтарымен өткізіледі. Сабақ өтілетін жер өрт сөніруге арналған құрылғылармен (өрт сөндіргіш және т.б.) және дәрі дәрмек қорпшасымен, таңуға арналған материалмен, зақымдалушыға бірінші медициналық көмек көрестуге қажетті жабдықталуы тиіс.
Сабаққа қатынаса алатын оқушылар:
- денсаулығының жағдайына қарай жалпы және дайындық медициналық топқа жататындар.
- Қауіпсіздік шараларынан нұсқаулықтан өткендер.
- Сабақтың өткізілу шартарына және тақырыбына сәйкес қозғалуға қиындық туғызбайтын спорттық аяқ киім және форма болуы.
Оқушы мендетті:
- Тырнақтарын қысқа алулы.
- Мұғалімнің руқсатымен спорттық жабдықтарды алып жаттығуға кірісуге болады.
- Спорттық құрал-жабдықтарға ұқыпты қарап, оларды тиісті емес жерге пайдаланбауы.
- Ойын ережелерін мұқият тыңдап еске сақтау керек.
- Ойын ережелерін сақтап бұзба керек.
- Мұғалімнің белгісі бойынша ойынды бастауға болады.
- Ойынан шығуға тиісті ойыншылар ережеге сай, байқап басқаларға кедергі жасамай, ойын алаңын босатып орындыққа отыру керек.
- Нұсқаулықты біліпж»не орындауы керек.
Қуғыншылар қашатындарға жармаспай арқасынан итермей, аяқтан шалмай сәл қолының ұшын тигізуі керек.
- Қауіпсіздік шараларын сақтамаған үшін оқушы оқу процесінеқатыстырылмауы мүмкін.
ІІ. Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
Оқушы міндетті:
- Киім ауыстратын бөлмеде спорттық аяқ киімі мен формасын ауыстыруы керек.
- Басқа жаттығушыларға қауіп төнгізетін заттарды (сыра, сағат, білезік және т.б.) шешіп тастауы керек .
- Спорттық киімнің жанқалталарынан үшкір және бөтен заттарды алып тастау керек.
- Мұғалімнің басшылығымен жаттығуды өткізуге керекті құрал жабдықтарды дайындау керек.
- Сабақты өткізуге кедергі болмау үшін доптар мен басқа да спорттық құрал жабдықтарды стелаждарға орналастыру керек.
- Жаттығу өткізілетін орынға мұғалімнің руқсатымен шығу керек.
- Мұғалімнің айтуымен жалпы сап қатарына тұру.
ІІІ. Сабақ өтілу уақытында қауіпсіздік талаптары.
Доп ойындары.
Оқушы міндетті:
- Ойыншылардың бастарына допты лақтырмауы керек.
- Ойыншыларға доптың лақтыру күшін оларға дейінгі қашықтықтың сәйкестігін өлшеу керек.
- Алыңдағы ойыншылар мен доптың қозғалысын бақылау керек.
- Допқа жақын орналасқан ойыншыға, допты алуына кедергі жасамау керек.
- Бірінші болып допқа иелік еткен ойыншыдан допты қолынан тартып алмау керек.
- Допты өзіңе тигізбеу мақсатында құлап және еденге жатып қалмауы керек.
- Екі қолды төменнен құшақпен допты қағып алу керек.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
1.Қарсылас командаларға волейбол добын тордан асырып бағыттау | Ойынды дұрыс түсіндірмеуі Тегіс жерде ойналмауы Сынып екі командаға тең бөлінбеуі Бірінші команда волейбол алаңының бір жағына тұру керетігі Екінші команданың ойыншылары келесі жаққа тұрмауы Оның бағытталушысы волейбол добын алмауы Белгі бойынша екінші команданың ойыншысы бір қолымен допты тордан лақтырмағаны Бірінші команданың кез келген ойыншысы допты қағып алмауы Өз командасындағы ойыншылардың допты біріне бермеулері Келесі ойыншы оны қағып алуы керектігі Егер допты қағып ала алса, бірінші команда ұпайға ие болуы тиістігі Екінші команданың барлық ойыншылары допты беріп болғанан кейін командалардың орындарымен ауыспаулары Доп мұғалімнің белгісімен бермеулері Доп дұрыс берілмеген жағдайда бірінші команда да ұпай алады. |
2. Волейбол добын қағып алған ойыншы түсірмей келесі жаққа бағыттау | Әрбір қағылған доп үшін және оны басқаға бергендігі үшін бірінші командаға ұпай беріледі. Допты қағып алғаннан кейін бірінші команда допты екінші командаға тордың астымен береді. Екінші команданың ойыншылары допты бір-бірден береді, дәл осылай кезекті сақтайды. Допты волейбол әдісінің кез келген түрімен беруге болады. Қайтадан өз орындарындарына бармаулары Ойын кезінде тез жүгіре алмауы Кеңістікті дұрыс пайдалана білмеулері Әр түрлі айла-тәсілдерді пайдалана білмеулері Допты бір қолмен тордан лақтыра алмалары |
3. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. | Қағып алған допты өз командасының ойыншысына беру керек екенін білмеулері Допты түсіріп алуы Топпен бірігіп жұмыс жасай алмауы Ойын ережесін дұрыс сақтамауы Ойыншылар бір –бірінің қимыл-қозғалысын қайталамауы Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы Ойын кезінде тез жүгіре алмауы Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар.
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?