Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 24 сабақ.
3 сынып
2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар
Сабақ тақырыбы:
Ұжымда жұмыс атқару
Оқу мақсаттары:
3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіру
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей білуі;
Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;
Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін – өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттың ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді және ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады.
Қозғалыс және спорт ойындары
Қозғалмалы ойындар
Тапсырма
«Допты қағып ал». Сынып екі командаға бөлінеді. Бірінші команда волейбол алаңының бір жағына тұрады. Екінші команданың ойыншылары келесі жаққа тұрады да, оның бағытталушысы волейбол добын алады. Белгі бойынша екінші команданың ойыншысы бір қолымен допты тордан лақтырады. Бірінші команданың кез келген ойыншысы допты қағып алып, өз командасындағы ойыншылардың біріне беріп, келесі ойыншы оны қағып алуы керек. Егер допты қағып ала алса, бірінші команда ұпайға ие болады. Екінші команданың барлық ойыншылары допты беріп болған кезде, командалар орындарымен ауысады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Оқушылар назарын мына нәрселерге аударыңыз:
1.Доп беру тек мұғалімнің белгісі бойынша орындалады.
2.Доп дұрыс берілмеген жағдайда бірінші команда да ұпай алады.
3.Әрбір қағылған доп үшін және оны басқаға бергендігі үшін бірінші командаға ұпай беріледі.
4.Допты қағып алғаннан кейін бірінші команда допты екінші командаға тордың астымен береді.
5.Екінші команданың ойыншылары допты бір-бірден береді, дәл осылай кезекті сақтайды.
6.Допты волейбол әдісінің кез келген түрімен беруге болады.
Дескриптор:
Оқушылар өз жұмыстарынжүргізеді;
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?