Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 24 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 24

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұжымда жұмыс атқару

Оқу мақсаттары

3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігің керектігін түсінеді

 Бағалау критерийлері

Түрлі дене қызметтеріне қатысу керектігін қарайды және түсінеді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік ережесі
  • көшбасшылық ролдер, қорғаушы көмекші
  • кеңістіктнгі ойлау: сызық, бұрандық, кедергілер, шеңбер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

• Сізге серіктестікпен жұмыс жасау ұнайма?

• Сіздер айта аласыздар ма, неге біз ойын ойнайтын жерді мұқият таңдап аламыз?

 Құндылықтарды даруыту

 

 

Оқушылардың денсаулығын нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне әсер ету, қимыл дағдыларымен мен іскерліктерін қалыптастырау және жетілдіру, негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу, барлығын бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету.

Пәнаралық

байланыстар

Физика (доппен ойынау барысында допты лақтырып, ұшырған кезде, ұшу траекториясын анықтайды)

АКТ қолдану

дағдылары

АКТ, ұялы телефон, сурет арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылар бұл бөлімде қозғалысты үйлестіру үшін қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы командада жұмыс атқару және қозғалыс дағдыларын, доппен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын ойындар ойнайды. Топтық және жұптық жұмыс істеу арқылы қозғалмалы және спорттық спектірлік қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сантики, Фантики, Лимпопо» ойыны. Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір оқушыны таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі оқушылардың ішінен бір оқушыны жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі оқушыларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі оқушылар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған ойыншы ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Ж.Д.Ж. орнында

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар.

Сабақтың ортасы

25 мин.

(С, Т, ҚБ) «Допты қағып ал». Сынып екі командаға бөлінеді. Бірінші команда волейбол алаңының бір жағына тұрады. Екінші команданың ойыншылары келесі жаққа тұрады да, оның бағытталушысы волейбол добын алады. Белгі бойынша екінші команданың ойыншысы бір қолымен допты тордан лақтырады. Бірінші команданың кез келген ойыншысы допты қағып алып, өз командасындағы ойыншылардың біріне беріп, келесі ойыншы оны қағып алуы керек. Егер допты қағып ала алса, бірінші команда ұпайға ие болады. Екінші команданың барлық ойыншылары допты беріп болған кезде, командалар орындарымен ауысады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Оқушылар назарын мына нәрселерге аударыңыз:

1.Доп беру тек мұғалімнің белгісі бойынша орындалады.

2.Доп дұрыс берілмеген жағдайда бірінші команда да ұпай алады.

3.Әрбір қағылған доп үшін және оны басқаға бергендігі үшін бірінші командаға ұпай беріледі.

4.Допты қағып алғаннан кейін бірінші команда допты екінші командаға тордың астымен береді.

5.Екінші команданың ойыншылары допты бір-бірден береді, дәл осылай кезекті сақтайды.

6.Допты волейбол әдісінің кез келген түрімен беруге болады.

Дескриптор:

  • допты бір қолмен тордан лақтыруды біледі;
  • қағып алған допты өз командасының ойыншысына беру керек екенін түсінеді;
  • қағып алған ойыншы түсірмеу керек екенін біледі және де топпен жұмыс жасайды.

ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, волейбол доптары, тор. Ысқырғыш, уақыт өлшегіш мұғалімге.

Галамтор ресурстарына сілтеме: Қозғалмалы ойындардағы волейбол элементері

https://avdeevosport.jimdo.com/%D0%BF%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B-%D1%81-%D1%8D%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B8-%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%B9%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0/

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
  • Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Құрал-жабдықтарды тиісті орындарына қою Кері байланыс үшін парақ

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру»
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу