Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 13 сабақ.
2-бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар
Тақырыбы:Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
3-сынып
Оқу мақсаты:
3.2.8.8. Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету
Сабақ мақсаты:
Қозғалмалы ойын кезінде рөлдердегі айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді.
Бағалау критерийлері:
қозғалмалы ойындар қауіпсіздік ережесін сақтайды;
ойындардағы айырмашылықтарды түсінеді және рлдерді белсенді көрсетеді;
мақсатқа жету үшін топта бірігіп жұмыс атқару барысында қозғалыс дағдыларын қалыптастырады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Жүру жаттығуларын орындау;
Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
Жылдамдыққа жүгіру;
Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
«Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары»
Мақсаты: арнайы тапсырмалар арқылы қозғалмалы ойындардағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: «Қазаншұңқыр» ойынындағы шарды ұру, ұяшаларды дәлдеу, қарсыласты айналып өту дағдыларын дамыту үшін арнайы тапсырмалар орындайды.
Мұғалім әрекеті:
- оқушыларға бірнеше тапсырмалар ұсынады;
- сыныпты командаларға бөледі, оқушылармен бірлесіп ойын шартын нақтылайды;
- тапсырма өткізу кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- ойын барысында жетістіктер мен кемшіліктерді айтып отырады;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
- Сіздер командадағы жұмыс дағдыларын қалай жақсарта аласыздар?
Оқушы әрекеті:
«Қазаншұңқыр» ойынының мазмұны.
Балалар араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлайды. Ол қолына таяғын алып, шарды шеңбердің сыртынан ортаға қарай ұруға дайындап тұрады. Ойыншылардың әрқайсысы өз қалауы бойынша бір-бір шұңқыр ұяшаның қасына келіп, қолындағы таяғының ұшын ұяшаға түсіріп тұрады. Мұғалімнің ойынды бастау жөнінде берген белгісі бойынша ойын бастаушы шарды ойыншылардың арасындағы ашық жер арқылы шеңбердің ортасындағы «қазаншұңқырға» немесе ойыншылардың алдындағы ұяшаларға түсіруге тырысады. Ал шеңберді бойлай тұрған ойыншылр ойын бастаушының өздеріне қарай бағыттап ұрған шарын таяқтарымен қағып, өз ұяшасына да, «қазаншұңқырға» да түсірмеулері керек.
Осындай қымыл, жүгіріс кезінде ойын бастаушы бос қалып қойған бір ойыншының ұяшасын иемденіп ала қоюға тырысады. Ұяшасынан айырылып қалған бала ойын бастаушы болып, әрі қарай жалғастырып кетеді.
Егер ойын жүргізуші шарды ортадағы «қазаншұңқырға» түсірсе, онда барлық ойыншы міндетті түрде тез орындарын ауыстырулары қажет. Кімге орын жетпей қалса, сол ойын басқарушы болады.
Дискрипторлар;
ойын ережесін мұқият түсініп алу;
ережемен ойнау;
қауіпсіздікті сақтау және мұғалімді мұқият тыңдау.
Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері
1. Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.
2. Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.
3. Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
4. Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;
5. Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;
6. Құлаған кездегі алған жарақаттар.
7. Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек
8 Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.
Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері
1. Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.
2. Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.
Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
1. Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта
2. Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта
3. Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.
4. Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.
5. Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.
Қозғалмалы ойын дағдыларын қалыптастыру
Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды. Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады. Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс- әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.
Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады. Қозғалмалы ойын дағдыларын қалыптастырудың бірден-бір жолы: дұрыс түсіндірілуі белгілі бір мөлшерде оның жетістігіне әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, ойынды бастамастан бұрын жетекші оның мазмұнын анық түсініп, алдын-ала талдап алу керек, тек осыдан кейін ғана оны түсіндіруге кірісуге болады.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Қорытынды
Бала организмі қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Ол тірі организмнің өсіп, дамуының негізгі шарты. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үйренген. Сондықтан ол мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Бұны жалпыға белгілі шындық десек, балалардың бойындагы осы күш-жігерді, ұшқыр қиялды, өмірге талпынысты, білуге деген құмарлық пен құлшынысты пайдалана отырып, соны дұрыс басқарып, бағдарлай білсек, онда біз көп нәрсені ұтқан болар едік.
Өткізілген сабаққа рефлексия жасау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?