Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 13 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 13

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары

Оқу мақсаттары

3.2.8.8. Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету

 Сабақ мақсаттары

  • Қозғалмалы ойын кезінде рөлдердегі айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді.

 Бағалау критерийлері

  • қозғалмалы ойындар қауіпсіздік ережесін сақтайды;
  • ойындардағы айырмашылықтарды түсінеді және рлдерді белсенді көрсетеді;
  • мақсатқа жету үшін топта бірігіп жұмыс атқару барысында қозғалыс дағдыларын қалыптастырады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • көшбасшылық ролдер, қорғаушы көмекші
  • шабуыл, қорғаныс
  • қозғалмалы дағдылар

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Сізге серіктестікпен жұмыс жасау ұнайма?

• Сіз айта аласыз ба, ойындарды әділ ойнап түбегейлі ережесін неге олай сақтадыңыз?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.

Мәдениетаралық түсінікті дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Физика (доппен жұмыс жасау барысында доптың ұшу траекториясын анықтайды)

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қозғалмалы ойындардың тапсырмаларын көрсету немесе басқа елдердің ұлттық ойындарымен таныстыру.

Бастапқы білім

Оқушылар бұл бөлімде қозғалысты үйлестіру үшін қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы командада жұмыс атқару және қозғалыс дағдыларын, доппен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын ойындар ойнайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.

Ысқырық, секундомер т.б

Сабақтың ортасы

25 мин.

«Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары»

Мақсаты: арнайы тапсырмалар арқылы қозғалмалы ойындардағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: «Қазаншұңқыр» ойынындағы шарды ұру, ұяшаларды дәлдеу, қарсыласты айналып өту дағдыларын дамыту үшін арнайы тапсырмалар орындайды.

Мұғалім әрекеті:

- оқушыларға бірнеше тапсырмалар ұсынады;

- сыныпты командаларға бөледі, оқушылармен бірлесіп ойын шартын нақтылайды;

- тапсырма өткізу кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;

- ойын барысында жетістіктер мен кемшіліктерді айтып отырады;

Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:

- Сіздер командадағы жұмыс дағдыларын қалай жақсарта аласыздар?

Оқушы әрекеті:

«Қазаншұңқыр» ойынының мазмұны.

Балалар араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлайды. Ол қолына таяғын алып, шарды шеңбердің сыртынан ортаға қарай ұруға дайындап тұрады. Ойыншылардың әрқайсысы өз қалауы бойынша бір-бір шұңқыр ұяшаның қасына келіп, қолындағы таяғының ұшын ұяшаға түсіріп тұрады. Мұғалімнің ойынды бастау жөнінде берген белгісі бойынша ойын бастаушы шарды ойыншылардың арасындағы ашық жер арқылы шеңбердің ортасындағы «қазаншұңқырға» немесе ойыншылардың алдындағы ұяшаларға түсіруге тырысады. Ал шеңберді бойлай тұрған ойыншылр ойын бастаушының өздеріне қарай бағыттап ұрған шарын таяқтарымен қағып, өз ұяшасына да, «қазаншұңқырға» да түсірмеулері керек.

Осындай қымыл, жүгіріс кезінде ойын бастаушы бос қалып қойған бір ойыншының ұяшасын иемденіп ала қоюға тырысады. Ұяшасынан айырылып қалған бала ойын бастаушы болып, әрі қарай жалғастырып кетеді.

Егер ойын жүргізуші шарды ортадағы «қазаншұңқырға» түсірсе, онда барлық ойыншы міндетті түрде тез орындарын ауыстырулары қажет. Кімге орын жетпей қалса, сол ойын басқарушы болады.

Дискрипторлар;

  • ойын ережесін мұқият түсініп алу;
  • ережемен ойнау;
  • қауіпсіздікті сақтау және мұғалімді мұқият тыңдау.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір оқушының ойын кезіндегі икемділік дағдыларының көлемін бақылап, бғалайды.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, басы имек қақпа-таяқтар, резеңке доп, фишкалар, қағаз, қалам.

Патриоттық сезім туралы сілтеме:

http://articlekz.com/article/10988

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды және барлығы арнайы жаттығуларды орындауға ат салысады.

АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп, баға беріп отырады. «Рефлексиялық нысананы» толтырады.

Теориялық білімді тексеру.

Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді.

Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу