Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 14 сабақ.
№14 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Сабақтың негізгі бөлімінде
«Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары»
Мақсаты: арнайы тапсырмалар арқылы қозғалмалы ойындардағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: «Түлкі мен тауықтар» ойынындағы жылдам жүгіру, серіктесіне көмек көрсету, қозғалыс дағдыларын дамыту үшін арнайыойындар ойнайды.
Мұғалім әрекеті:
- оқушыларға бірнеше тапсырмалар ұсынады;
- сыныпты командаларға бөледі, оқушылармен бірлесіп ойын шартын нақтылайды;
- ойын кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- ойын барысында жетістіктер мен кемшіліктерді айтып отырады;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
- Сіздер командадағы жұмыс дағдыларын қалай жақсарта аласыздар?
Оқушы әрекеті:
«Түлкі мен тауықтар» ойынының мазмұны.
Дайындық. Зал ортасында квадрат түрінде гимнастикалық отырғыштар қойылады. Бір жетекші — түлкі, ал екіншісі - «аңшы» сайланады, қалған ойыншылар - «тауықтар». Залдың бір бұрышында «ін» болады, онда «түлкі» орналасады, ал келесі бұрышта аңшы тұрады. Тауықтар отырғыш айналасында орналасады.
Ойынды баяндау. Белгі берілгесін тауықтар отырғышқа бір мініп, бір түсіп жүреді, екінші белгі берілгесін түлкі інінен шығып, ең болмағанда бір аяғымен жерде тұрған тауықтарды ұстап алып, ініне апарады. Егер жолда аңшы кездессе, тауықты тастап, өз ініне қашады, ал ұсталган тауық қашып орнына барады. Егер аңшы түлкіні ұстап алса, жаңа түлкі сайланады. Ойын 4-6 рет қайталанады. Бірде-бір ұсталмаған ойыншы жеңімпаз атанады.
Ереже.
1. Түлкі тауық қораға кіргенде бір тауықты ұстай алады.
2. Бастаушының белгісі бойынша түлкі тауықты ұстасын, ұстамасын тауық қорадан кетуі керек.
3. Отырғыштың үстінде тұргандар бір-біріне көмектесуге рұқсат, яғни бірін-бірі ұстап тұра алады.
Дискрипторлар;
- ойын ережесін мұқият түсініп алу;
- ережемен ойнау;
- қауіпсіздікті сақтау және мұғалімді мұқият тыңдау.
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір оқушының ойын кезіндегі икемділік дағдыларының көлемін бақылап, бғалайды.
Қозғалмалы ойын дағдыларын қалыптастыру
Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды. Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады. Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс- әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.
Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады. Қозғалмалы ойын дағдыларын қалыптастырудың бірден-бір жолы: дұрыс түсіндірілуі белгілі бір мөлшерде оның жетістігіне әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, ойынды бастамастан бұрын жетекші оның мазмұнын анық түсініп, алдын-ала талдап алу керек, тек осыдан кейін ғана оны түсіндіруге кірісуге болады.
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.
ҚОРЫТЫНДЫ: Жалпы, қандай қимыл-қозғалыс ойыны болмасын, барлық ойындар оқушыға бағытталуы керек. Бала организмі қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Ол жүгіруге, ойнауға, қозғалуға бейім тұрады. Сол себепті, қандай ойын болмасын, ережесін, мақсатын түсіндіре отырып ойнатып, оқушы бойындағы дағдыларды қалыптастыру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?