Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 15 сабақ.
2-бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар
Тақырыбы:Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
3-сынып
Оқу мақсаты:
3.2.8.8. Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету
Сабақ мақсаты:
Қозғалмалы ойын кезінде рөлдердегі айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді.
Бағалау критерийлері:
қозғалмалы ойындар қауіпсіздік ережесін сақтайды;
ойындардағы айырмашылықтарды түсінеді және рөлдерді белсенді көрсетеді;
мақсатқа жету үшін топта бірігіп жұмыс атқару барысында қозғалыс дағдыларын қалыптастырады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Жүру жаттығуларын орындау;
Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
Жылдамдыққа жүгіру;
Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
«Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
«Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары»
Мақсаты: арнайы тапсырмалар арқылы қозғалмалы ойындардағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: «Күзетшілер мен барлаушылар» немесе «Екі лагерь» ойынындағы жылдам жүгіру, серіктесіне көмек көрсету, қозғалыс дағдыларын дамыту үшін арнайы ойындар ойнайды.
Мұғалім әрекеті:
- оқушыларға бірнеше тапсырмалар ұсынады;
- сыныпты командаларға бөледі, оқушылармен бірлесіп ойын шартын нақтылайды;
- ойын кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- ойын барысында жетістіктер мен кемшіліктерді айтып отырады;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
- Сіздер командадағы жұмыс дағдыларын қалай жақсарта аласыздар?
Оқушы әрекеті:
«Күзетшілер мен барлаушылар» немесе «Екі лагерь» ойынының мазмұны.
Дайындық.
Ойыншылар екі тең командаға бөлінеді - «күзетшілер» және «барлаушылар» болып, олар алаңның қарама - қарсы екі жағынан бірінен - бірі 10-20 м. арақашықтықта сапқа тұрады. Алаң ортасынан командалардан бірдей арақашықтықта шеңбер сызылады. Оған доп немесе басқа нәрсе қойылады.
Ойынды баяндау. Барлаушылар командасы допты алып кетуі керек, ал күзетшілер командасы оны күзетуі қажет. Жетекшінің белгісі бойынша күзетшілер және барлаушылар командасынан бір ойыншыдан алаңның ортасына шығуы тиіс. Барлаушылар командасы допты алып кетуге тырысады, ал күзетшілер командасы оны бермеу керек. Егер барлаушы шекарасына жеткенше ұстай алмаса, онда өзі екінші команда құрамына кіруі қажет. Күзетші мен барлаушылардың барлыгы ойнап шыққанша ойын жалғаса береді. Ойыннын соңында қай команда көп тұтқын ұстайды, сол жеңімпаз болады. Екінші қайтара ойнаған кезде екі команда рөльдерін алмастырады. Осы ойынды күрделі түрде де өткізуге болады. Мысалы, ойыншыларды қаз қатар санап және тақ санды ойыншыларды «барлаушылар» деп, ал жұп санды ойыншыларды «күзетшілер» деп белуге болады.
Оқушы әрекеті:
Ережесі:
1. Алаңнын ортасына тек жетекшінің белгісі бойынша шығуы керек.
2. Қашып бара жатқан ойыншыны шекараға жетпей ұстауы керек. 3. Егер қашып бара жатқан адам допты шекарага жеткенше түсіріп алса, онда сол тұтқындалған болып есептеледі.
4. Егер барлаушьі допқа ұмтылып, бірақ оны ала алмаса, онда допты алып немесе барлаушыны ұстап алып тұтқын ретінде есептеуге болады.
Дискрипторлар:
ойын ережесін мұқият түсініп алу;
ережемен ойнау;
қауіпсіздікті сақтау және мұғалімді мұқият тыңдау.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Қорытынды
Жалпы, қандай қимыл-қозғалыс ойыны болмасын, барлық ойындар оқушыға бағытталуы керек. Бала организмі қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Ол жүгіруге, ойнауға, қозғалуға бейім тұрады. Сол себепті, қандай ойын болмасын, ережесін, мақсатын түсіндіре отырып ойнатып, оқушы бойындағы дағдыларды қалыптастыру.
Өткізілген сабаққа рефлексия жасау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?