Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 15 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 15
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.8.8. Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар: • Сізге серіктестікпен жұмыс жасау ұнайма? • Сіз айта аласыз ба, ойындарды әділ ойнап түбегейлі ережесін неге олай сақтадыңыз? | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика (доппен жұмыс жасау барысында доптың ұшу траекториясын анықтайды) | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша қозғалмалы ойындардың тапсырмаларын көрсету немесе басқа елдердің ұлттық ойындарымен таныстыру. | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар бұл бөлімде қозғалысты үйлестіру үшін қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы командада жұмыс атқару және қозғалыс дағдыларын, доппен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын ойындар ойнайды. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады. Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы. Ысқырық, секундомер т.б | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | «Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары» Мақсаты: арнайы тапсырмалар арқылы қозғалмалы ойындардағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Сипаттама: «Күзетшілер мен барлаушылар» немесе «Екі лагерь» ойынындағы жылдам жүгіру, серіктесіне көмек көрсету, қозғалыс дағдыларын дамыту үшін арнайы ойындар ойнайды. Мұғалім әрекеті: - оқушыларға бірнеше тапсырмалар ұсынады; - сыныпты командаларға бөледі, оқушылармен бірлесіп ойын шартын нақтылайды; - ойын кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді; - ойын барысында жетістіктер мен кемшіліктерді айтып отырады; Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді: - Сіздер командадағы жұмыс дағдыларын қалай жақсарта аласыздар? Оқушы әрекеті: «Күзетшілер мен барлаушылар» немесе «Екі лагерь» ойынының мазмұны. Дайындық. Әзірлік. Ойыншылар екі тең командаға бөлінеді - «күзетшілер» және «барлаушылар» болып, олар алаңның қарама - қарсы екі жағынан бірінен - бірі 10-20 м. арақашықтықта сапқа тұрады. Алаң ортасынан командалардан бірдей арақашықтықта шеңбер сызылады. Оған доп немесе басқа нәрсе қойылады. Ойынды баяндау. Барлаушылар командасы допты алып кетуі керек, ал күзетшілер командасы оны күзетуі қажет. Жетекшінің белгісі бойынша күзетшілер және барлаушылар командасынан бір ойыншыдан алаңның ортасына шығуы тиіс. Барлаушылар командасы допты алып кетуге тырысады, ал күзетшілер командасы оны бермеу керек. Егер барлаушы шекарасына жеткенше ұстай алмаса, онда өзі екінші команда құрамына кіруі қажет. Күзетші мен барлаушылардың барлыгы ойнап шыққанша ойын жалғаса береді. Ойыннын соңында қай команда көп тұтқын ұстайды, сол жеңімпаз болады. Екінші қайтара ойнаған кезде екі команда рөльдерін алмастырады. Осы ойынды күрделі түрде де өткізуге болады. Мысалы, ойыншыларды қаз қатар санап және тақ санды ойыншыларды «барлаушылар» деп, ал жұп санды ойыншыларды «күзетшілер» деп белуге болады. Ережесі: 1. Алаңнын ортасына тек жетекшінің белгісі бойынша шығуы керек. 2. Қашып бара жатқан ойыншыны шекараға жетпей ұстауы керек. 3. Егер қашып бара жатқан адам допты шекарага жеткенше түсіріп алса, онда сол тұтқындалған болып есептеледі. 4. Егер барлаушьі допқа ұмтылып, бірақ оны ала алмаса, онда допты алып немесе барлаушыны ұстап алып тұтқын ретінде есептеуге болады. Дискрипторлар:
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір оқушының ойын кезіндегі икемділік дағдыларының көлемін бақылап, бғалайды. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, бор, шеңбер, резеңке доп, фишкалар, қағаз, қалам. Патриоттық сезім туралы сілтеме: | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады. Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады. | Бос кеңістік. Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы». | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды және барлығы арнайы жаттығуларды орындауға ат салысады. АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп, баға беріп отырады. «Рефлексиялық нысананы» толтырады. | Теориялық білімді тексеру. Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады. | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?