Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 16 сабақ.


16 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырып: Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Сабақтың негізгі бөлімінде

Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар

«Кедергілермен эстафета»

Мақсаты: эстафета арқылы қимыл-қозғалыс ойынындағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: түрлі кедергілерден өту арқылы жарысады, қарапайым сұрақтарға жауап іздейді. Бірнеше командалар өзара сайысқа түседі.

Мұғалім әрекеті:

- оқушыларға кедергілермен эстафета өткізуді ұсынады;

- сыныпты командаларға бөледі, оқушылармен бірлесіп тапсырмаларды нақтылайды;

- эстафета өткізу кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;

- тапсырмалардың бірін белгілі бір атаулы күнге орайластырып сұрақтар жасақтайды

(Мысалы, Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;

Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;

Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр;

Отан қорғаушы күні – 7 мамыр;

Жеңіс күні – 9 мамыр;

Астана күні – 6 шілде;

ҚР Конституциясы күні – 30 тамыз;

ҚР Алғашқы Президенті күні – 1 желтоқсан;

Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан).

Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:

- Сіздер бұл ойында патриоттық сезімді қалай көрсеттіңіздер?

Өз елінің патриоты болған дұрыс па?

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

Қорытынды бөлімде:

Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.

Қозғалмалы ойындар. Оларды ұйымдастыру  және өткізу әдістемесі.

1. Ойын туралы түсінік

      Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.

      Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.

      Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен келіп шығады.

Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады.

Қозғалмалы ойындардың сауықтандыру міндеттері.

      Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшеліктерін ескерілген сабақты дұрыс ұйымдастыру кезіндегі қозғалмалы ойындар бой өсуіне, сүйек-байланыс аппараттарының бекітілуіне және дамуына, баллар мен жасөспірімдердің дұрыс тұлғасының қалыптасуына, сонымен бірге ағзаның қызметін жоғарлатады.   Қозғалмалы ойындар сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілу аурушаң балалардың денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады.

Қозғалмалы ойындардың білім беру міндеттері.

     Ойын жеке тұлға қалыптасуына үлкен ықпал етеді: бұл талдау, салыстыру, жалпылау және қорытындылар шығару іскерлігі көрінетін және дамытылатын саналы іс-әрекет. Ойындармен айналысу күнделікті практикалық іс-әрекеттегі маңызға ие әрекет ету қабілеттерін дамытуға әсер етеді.

      Қозғалмалы ойындар қозғалыс әрекеттері және ережесі ойыншыларда нақты өмірдегі мінез-құлық туралы сенімді ұғымдарды қалыптастырады, олардың саналарында қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар ұғымын бекітеді.

      Гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, шаңғы даярлығы, жүзу және т.б. спорт түрлері сабақтары кезінде оқытылатын қозғалыс әрекеттері сияқты қозғалыс сипаты мен құрылымы бойынша ойындар білім беру мәніне ие.

Қозғалмалы ойындардың тәрбиелік міндеттері.

      Көп жағдайда қозғалмалы ойындар төмендегі дене қасиеттерін тәрбиелеуге жағдай жасайды, олар: шапшандық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік (иілгіштік) және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттері комплексте (жинақта) дамытылады. Қозғалмалы ойындардың көпшілігі қатысушылардың шапшандылықты талап етеді. Бұл дыбыстың, көру, тактильді белгілерге шұғыл жауап беру қажеттілігіне құрылған; шұғыл тоқтау, кідіру және қозғалысты жандандыруы бар ойындар, қысқа уақыт ішінде үлкен емес ара-қашықтықты жеңіп шығуға бар ойындар.

Сілтеме ресурс: http://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=2&id=135



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу