Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 16 сабақ.
№16 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)
Кіріспе бөлім
Тақырып: Қозғалыс координациясына бағытталған қоғалмалы ойындар.
Мұғалімді мұқият тыңау, сұрақтарға жауап беру. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін тапсырмаларды мұқият орындау.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
№ | Жаттығу сипаттамасы | орындалуы | нұсқаулық | іс-қимыл |
1 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде Санақ 1-4 басты оңға айналдыру Санақ 5-8 басты солға айналдыру | 3-4 рет | Басты толық, көзді ашып айналдыру | |
2 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол иықта Санақ 1-4 қолды алға айналдыру Санақ 5-8 қолды солға айналдыру | 3-4 рет | Қолды толық алға, артқа айналдыру | |
3 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол кеуде алдында бүгулі Санақ 1-2 қолды бүгіп керу Санақ 3-4 қолды жазып керу | 3-4 рет | Қолды толық жазып керу. | |
4 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол желкеде Санақ 1-2 кеудені оңға бұру Санақ 3-4 кеудені солға бұру. | 3-4 рет | Шынтақты ашып, кеудені толық бұру | |
5 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол белде Санақ 1-4 белды оңға айналдыру Санақ 5-8 белды солға айналдыру | 3-4 рет | Белді толық айналдыру | |
6 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол белде Санақ 1 оң аяққа еңкею Санақ 2 ортаға Санақ 3 сол аяққа еңкею Санақ 4 Б.Қ | 3-4 рет | Еңкею барысында тізені бүкпей қолды аяқ ұшына тигізу. | |
7 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол белде Санақ 1-4 оң аяққа секіру Санақ 5-8 сол аяққа секіру | 3-4 рет | Аяқ ұшымен бір орында секіру. |
Негізгі бөлім:
Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар
«Кедергілермен эстафета»
Мақсаты: эстафета арқылы қимыл-қозғалыс ойынындағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: түрлі кедергілерден өту арқылы жарысады, қарапайым сұрақтарға жауап іздейді. Бірнеше командалар өзара сайысқа түседі.
Мұғалім әрекеті:
- оқушыларға кедергілермен эстафета өткізуді ұсынады;
- сыныпты командаларға бөледі, оқушылармен бірлесіп тапсырмаларды нақтылайды;
- эстафета өткізу кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- тапсырмалардың бірін белгілі бір атаулы күнге орайластырып сұрақтар жасақтайды
(Мысалы, Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;
Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;
Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр;
Отан қорғаушы күні – 7 мамыр;
Жеңіс күні – 9 мамыр;
Астана күні – 6 шілде;
ҚР Конституциясы күні – 30 тамыз;
ҚР Алғашқы Президенті күні – 1 желтоқсан;
Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан).
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
- Сіздер бұл ойында патриоттық сезімді қалай көрсеттіңіздер?
Өз елінің патриоты болған дұрыс па?
Оқушы әрекеті:
Сынып командаларға бөлінеді. Белгі бойынша командалардың бірінші ойыншылары алға жүгіріп шығады, кедергілерден өтеді және кедергілерден құтылып, кері оралады. Жүгіріп келген ойыншы келесі ойыншының қолына қолын тигізіп эстафетаны береді және бағанның соңына тұрады. Ойын команданың барлық мүшелері тапсырманы орындап, бірінші ойыншы қолын көтерген кезде аяқталады.
Кедергілер:
- фишкаларды айналу;
- құрсаудан өту;
- жер бауырлап өрмелеу (гимнастикалық мат);
- 150 г допты себетке лақтыру;
- орындықта жатқан қима қағаздың сұрағына жауап беру (мысалы, 16 желтоқсанда қандай мереке атап өтіледі? (Сұрақтар керісінше қойылады).
Ойыншылары эстафетаны жылдамырақ аяқтаған және сұраққа дұрыс жауап берген команда жеңіске жетеді.
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Құрал-жабдықтарды жинау. Мұғалімнің сабақты қорытындылауын тығдау. Сұрақтарға жауап беру. Өткізілген сабаққа кері байланыс жасау және серіктестерін бағалау. Өзіне рефлексия жасау.
Қимыл-қозғалыс ойындарға керекті құралдар
Ысқырық секіртпе шығыршық (обруч)
резеңке доп конустар атлетикалық кедергі
Гимнастикалық маты гимнастикалық орындық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?