Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал.19 сабақ.


№19 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)

Кіріспе бөлім

Тақырып: Шапшаңдыққа бағытталған қоғалмалы ойындар.

Мұғалімді мұқият тыңау, сұрақтарға жауап беру. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін тапсырмаларды мұқият орындау.

Жүру жаттығулары:

-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

-қол белде, өкшемен жүру,

-қол алда, жартылай отырып жүру,

-қол желкеде, толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

-қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

-қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;

-сол қол алда, артпен жүгіру;

-қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;

-қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары:

-Б.қ. қол белде, иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 ретайналдырамыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;

-Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп-жазу, қыз балалар 25 рет отырып тұру.

Негізгі бөлім:

Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар

Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: эстафеталық ойындар арқылы топқа бөлініп жарысады, бірнеше командалар өзара сайысқа түседі. Оқушыларды тең екі топқа бөліп, қатарға тұрғызу

1-эстафета

Мұғалімнің белгісімен өз жолымен түзу жүгіріп, екі топтың ортасында тұрған допқа бірінші жетіп, допты алып, жоғары көтеру керек. Ойын топтағы ойыншылардың барлығы жүгіргенше жалғасады. Мақсаты: Шапшаң жүгіріп допқа бірінші жету қажет

Допқа бірінші жеткен команда мүшесіне ұпай беріледі.

2-эстафета

Мұғалімнің белгісімен топтағы ойыншылар екеуден жарысады. Алдарында обручтар жыланша жатады. Сол обручтардың ішіне қос аяқпен немесе бір аяқпен секіріп соңғы өз белгісіне дейін баруы керек. Қайтарда белгіні айналып, түзу жүгіріп келеді. Ойын соңғы оқушыға дейін жалғасады.

Мақсаты: обручтардың барлығнан өтулері тиіс. Обручтардың арасын баспауы керек.

Жыланша жүгіру міндетті.

3-эстафета

Мұғалімнің белгісімен жарысқа қатысушылар залдың ортасына дейін оң аяқпен, залдың ортасынан кейін сол аяқпен жүгіреді де өз белгілерінде тұрған допты алып, қайтарда түзу жүгіріп келеді де келесі ойыншыға допты береді. Келесі ойыншы доппен дәл солай жүгіреді, допты қойып кетеді. Үшінші ойыншы допты алып келуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.

Мақсаты: қателеспей оң, сол аяқпен секіріп, қайтарда түзу жылдам жүрулері тиіс.

барарда оң, сол аяқпен секіріп жүгіру міндетті

Дискрипторлар:

  • ойын ережелерін сақтайды;
  • тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды;
  • ойын кезінде шапшаңдықты дамытады.

«Сабақты қорытындылау»

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.

Қимыл-қозғалыс ойындарға керекті құралдар

Ысқырық секіртпе шығыршық (обруч)

резеңке доп конустар атлетикалық кедергі

Гимнастикалық маты гимнастикалық орындық



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу