Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 19 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 19

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Ж.А.

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары

3.2.1.1. Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялармен және жоспарлармен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолдану

 Сабақ мақсаттары

Қозғалмалы ойындарда стратегияларды жоспарлап, негізгі қозғалыс идеяларымен әдістерді қолданады.

 Бағалау критерийлері

- рөлдік тапсырмалардың маңыздылығын анықтайды;

- тапсырмадағы жауапкершілікті түсіндіреді;

- шапшаңдыққа бағытталған ойындарды игереді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • әділ ойын, ереже, жарыстар серіктестік
  • шабуыл, қорғаныс
  • қозғалмалы дағдылар

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Сіздер өздеріңізді бір немесе басқа ролде өзініңізді қалай сезіндіңіз?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

МИССИЯ

-Зияткерлік қабілетін нығайту

-Шығармашылықты нығайту

-Әлемдік білім беруді түсіну

-Инновацияларды жүзеге асыру

-Көптілділікті жүзеге асыру

-Математиканы қолдану

-Ғылымды жүзеге асыру

ПАЙЫМДАУ

-Адамгершілікке бағытталған сапалы білім беру

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Патриоттыққа бағытталған жоғары сапалы білім беру

-Әлеуметтік жауапкершілікті дамыту

-Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Әлемді жақсартуға үлес қосу

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

-Құрмет

-Жарқындылық

-Ынтымақтастық

-Мақсаттылық

-Жауапкершілік

-Өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыстар

Физика (ойын кезінде өзінің қозғалыс дағдыларын дамытуда дене жүктемелерінің мөлшерін біледі )

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қозғалмалы ойындардың тапсырмаларын көрсету немесе басқа елдердің ұлттық ойындарымен таныстыру.

Бастапқы білім

Оқушылар бұл бөлімде қозғалысты үйлестіру үшін қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы командада жұмыс атқару және қозғалыс дағдыларын, доппен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын ойындар ойнайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.

Ұсынылатын қызмет түрлеріне байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.

Сабақтың ортасы

25 мин.

Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар

Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: эстафеталық ойындар арқылы топқа бөлініп жарысады, бірнеше командалар өзара сайысқа түседі. Оқушыларды тең екі топқа бөліп, қатарға тұрғызу

1-эстафета

Мұғалімнің белгісімен өз жолымен түзу жүгіріп, екі топтың ортасында тұрған допқа бірінші жетіп, допты алып, жоғары көтеру керек. Ойын топтағы ойыншылардың барлығы жүгіргенше жалғасады. Мақсаты: Шапшаң жүгіріп допқа бірінші жету қажет

Допқа бірінші жеткен команда мүшесіне ұпай

беріледі.

2-эстафета

Мұғалімнің белгісімен топтағы ойыншылар екеуден жарысады. Алдарында обручтар жыланша жатады. Сол обручтардың ішіне қос аяқпен немесе бір аяқпен секіріп соңғы өз белгісіне дейін баруы керек. Қайтарда белгіні айналып, түзу жүгіріп келеді. Ойын соңғы оқушыға дейін жалғасады.

Мақсаты: обручтардың барлығынан өтулері тиіс. Обручтардың арасын баспауы керек.

Жыланша жүгіру міндетті.

3-эстафета

Мұғалімнің белгісімен жарысқа қатысушылар залдың ортасына дейін оң аяқпен, залдың ортасынан кейін сол аяқпен жүгіреді де өз белгілерінде тұрған допты алып, қайтарда түзу жүгіріп келеді келесі ойыншыға допты береді. Келесі ойыншы доппен дәл солай жүгіреді де, допты қойып кетеді. Үшінші ойыншы допты алып келуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.

Мақсаты: қателеспей оң, сол аяқпен секіріп, қайтарда түзу жылдам жүрулері тиіс.

барарда оң, сол аяқпен секіріп жүгіру міндетті

Дискрипторлар:

  • ойын ережелерін сақтайды;
  • тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды;
  • ойын кезінде шапшаңдықты дамытады.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, бор, әр түрлі доптар, фишкалар, құрсаулар, қағаз, қалам, сұрақтар жазылған қима қағаздар

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. Ысқырық. Ойынға арналған нысандар.

қозғалмалы ойындары интернет ресурстарының сілтемесі:

http://festival.1september.ru/articles/566873/

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, ойындардағы іс-әрекеттерді көрсетеді. Тапсырмадағы жаттығуларды барынша біркелкі орындау, қозғалыс ойындарын дамыту. Қабілеті жоғары оқушылар көшбасшылық дағдыларын шыңдауда: қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Бақылау;

Ынталандыру мадақтары;

Ауызша сындарлы кері байланыс.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу