Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 20 сабақ.


20 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырып: Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Сабақтың негізгі бөлімінде

Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері Балалардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты түрде өсіп отырды. Алайда, әр түрлі бұлшық ет топтары күшінің жыл сайынғы өсуі бір қалыпты болмайды. Дене жаттығуларының тоғыз жастан бастап денені тік ұстайтын бұлшық еттердің күші елеулі түрде артады да, саусақ бұлшық еттерінң күші біршама тежеледі. Бұлшық еттер күшінің үдемелі түрде өсуі қыз балаларды 11–12 жаста, ал ер балаларды біршама кейінірек 12–12 жас аралығында басталады. Балаларда күш қабілетін жетілдіретін жаттығулар негізнен жүйелі түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш өте көп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет — қабілеттерін дамытудың негізгі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отыруы қажет.  Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педогогика, спорттық психология пәндерін ортақ теориялық заңдылықтарға сүйеннді. Осы пәндерді алынған нақты нәтижелер теорияға негіз болып табылады. Дене шынықтыру және спорт жаттығулары адам организімінің өзара үйлесімді әрекетте болуын қамтамасыз етеді. Сырттан әсер ететін қолайсыз жағдайларға организімнің төзімділігін арттырады.

Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организімді нығайтуға мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеге мынандай сапалық өзгерістер іске асады.

1)  Сыртқы дене бітімі өзгеріп әдемілене түседі.

2)  Қимыл — қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене иқемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады. 

Қажет деп есептелген қимыл — қозғалысты орындағанда адамның көңіл — күйі ғана көтеріліп қоймай, оның бұлшық еттері де сергіп, рахаттанатын болады.Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан — жақты өсіп жетілуіне қолайлы жағдай туғызады

«Орын ауыстыру арқылы допты қуу».

Сынып екі топқа бөлініп 10 м. арақашықтықта қарама-қарсы бір қатарға сап түзеп тұрады. Қатардағы оқушылардың ара қашықтығы 3-4 м. болу қажет және 1-ші 2-шіге саналады, бірдей сандағы оқушылардың арасында бөлек сандағы оқушылар тұруы керек. Екі топтағы 1 нөмірлер бір команда құраса 2 нөмірлер екінші команданы құрайды. Екі қатардың да шеткі ойыншыларында доп болады және оларды шеңбермен белгілеп қоямыз. Мұғалімнің белгісі бойынша диагоналмен допты қарсы тұрған ойыншыға жалғау керек және соның орнына тұру үшін жүгіреді, ал, допты қағып алған ойыншы диагоналмен келесіге жалғайды ойын солай жалғасады. Доп ең шеттегі тұрған ойыншыға жеткен кезде ол допты алып жүру арқылы қарсы сапты айнала жүгіріп белгіленген орынға бірінші болып жету керек. Ойын аяғында ойыншылар өздерінің бастапқы орындарынан табылу керек. Бастапқы сапты қай топ бірінші жабдықтайды сол топ жеңіске жетеді.

Дискрипторлар:

  • топта шапшаң қимылдайды;
  • допты түсірмей орындайды.

«Допты жалғау және шығыршыққа тастау эстафетасы».

Ойында екі команда болады, ойыншылар баскетбол қалқанына қарсы тұрып бір лек түзейді. Ал, командадағы бір ойыншы қалқанға жақын жерге тобына қарсы қарап тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншылар қалқанға қарай бет алып допты алып жүреді, ортаңғы сызықтан асқан соң қалқанның қасында тұрған командаласына жалғайды ол өз кезегінде допты шығыршықта тастап кері алып қайтып лектің соңына орналасы, ал бірінші допты алып жүріп бастаған ойыншы қалқанның қасында қалады, солай ойын барлығы жасағанша жалғасады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Дискрипторлар:

  • ойын ережелерін сақтайды;
  • ойын кезінде шапшаңдықты дамытады.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

Қорытынды бөлімде:

Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.

Таратпа ресурстары https://moluch.ru/archive/67/11486/

https://www.youtube.com/watch?v=9mnM6j4i46s



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу