Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 20 сабақ.
2-бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар
Тақырыбы: Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар
3-сынып
Оқу мақсаты:
3.2.3.3 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар, кеңістік білімін қолдану
Сабақ мақсаты:
Түрлі қозғалмалы ойындарда қолайлы ортаны құрады және идеяларды, ресурстарды қолданады.
Бағалау критерийлері:
- тапсырмалардың қолайлы орындалуын анықтайды;
- ойында өз идеяларымен бөліседі, ресурстарды дұрыс қолданады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Жүру жаттығуларын орындау;
Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
Жылдамдыққа жүгіру;
Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар
Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.
«Орын ауыстыру арқылы допты қуу».
Сынып екі топқа бөлініп 10 м. арақашықтықта қарама-қарсы бір қатарға сап түзеп тұрады. Қатардағы оқушылардың ара қашықтығы 3-4 м. болу қажет және 1-ші 2-шіге саналады, бірдей сандағы оқушылардың арасында бөлек сандағы оқушылар тұруы керек. Екі топтағы 1 нөмірлер бір команда құраса 2 нөмірлер екінші команданы құрайды. Екі қатардың да шеткі ойыншыларында доп болады және оларды шеңбермен белгілеп қоямыз. Мұғалімнің белгісі бойынша диагоналмен допты қарсы тұрған ойыншыға жалғау керек және соның орнына тұру үшін жүгіреді, ал, допты қағып алған ойыншы диагоналмен келесіге жалғайды ойын солай жалғасады. Доп ең шеттегі тұрған ойыншыға жеткен кезде ол допты алып жүру арқылы қарсы сапты айнала жүгіріп белгіленген орынға бірінші болып жету керек. Ойын аяғында ойыншылар өздерінің бастапқы орындарынан табылу керек. Бастапқы сапты қай топ бірінші жабдықтайды сол топ жеңіске жетеді.
Дискрипторлар:
топта шапшаң қимылдайды;
допты түсірмей орындайды.
«Допты жалғау және шығыршыққа тастау эстафетасы».
Ойында екі команда болады, ойыншылар баскетбол қалқанына қарсы тұрып бір лек түзейді. Ал, командадағы бір ойыншы қалқанға жақын жерге тобына қарсы қарап тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншылар қалқанға қарай бет алып допты алып жүреді, ортаңғы сызықтан асқан соң қалқанның қасында тұрған командаласына жалғайды ол өз кезегінде допты шығыршықта тастап кері алып қайтып лектің соңына орналасы, ал бірінші допты алып жүріп бастаған ойыншы қалқанның қасында қалады, солай ойын барлығы жасағанша жалғасады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.
Дискрипторлар:
ойын ережелерін сақтайды;
ойын кезінде шапшаңдықты дамытады.
Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері
Балалардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты түрде өсіп отырды. Алайда, әр түрлі бұлшық ет топтары күшінің жыл сайынғы өсуі бір қалыпты болмайды. Дене жаттығуларының тоғыз жастан бастап денені тік ұстайтын бұлшық еттердің күші елеулі түрде артады да, саусақ бұлшық еттерінң күші біршама тежеледі. Бұлшық еттер күшінің үдемелі түрде өсуі қыз балаларды 11–12 жаста, ал ер балаларды біршама кейінірек 12–12 жас аралығында басталады. Балаларда күш қабілетін жетілдіретін жаттығулар негізнен жүйелі түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш өте көп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет — қабілеттерін дамытудың негізгі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отыруы қажет.«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады. Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.
Күтілетін нәтиже:
1. Негізгі шапшаңдық техникаларын меңгеру;
2. Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
3. Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
4. Қозғалыс ойындарына деген қызығушылықты ояту;
5. Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен бірікен іс-әрекет жасай білу;
6. Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады
Өткізілген сабаққа рефлексия жасау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?