Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 20 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 20
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.3.3 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар, кеңістік білімін қолдану | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Түрлі қозғалмалы ойындарда қолайлы ортаны құрады және идеяларды, ресурстарды қолданады. | |||||||||
Бағалау критерийлері | - тапсырмалардың қолайлы орындалуын анықтайды; - ойында өз идеяларымен бөліседі, ресурстарды дұрыс қолданады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар: • Сіздер өздеріңізді бір немесе басқа ролде өзініңізді қалай сезіндіңіз? | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика (ойын кезінде өзінің қозғалыс дағдыларын дамытуда дене жүктемелерінің мөлшерін біледі ) | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша қозғалмалы ойындардың тапсырмаларын көрсету немесе басқа елдердің ұлттық ойындарымен таныстыру. | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар бұл бөлімде қозғалысты үйлестіру үшін қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы командада жұмыс атқару және қозғалыс дағдыларын, доппен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын ойындар ойнайды. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Немесе жүгіру жаттығуларының орнына сергіту ойындарын ойнату. Мысалы: «Қуып жет» Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады. Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. | Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік. Ұсынылатын қызмет түрлеріне байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу. Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету. «Орын ауыстыру арқылы допты қуу». Сынып екі топқа бөлініп 10 м. арақашықтықта қарама-қарсы бір қатарға сап түзеп тұрады. Қатардағы оқушылардың ара қашықтығы 3-4 м. болу қажет және 1-ші 2-шіге саналады, бірдей сандағы оқушылардың арасында бөлек сандағы оқушылар тұруы керек. Екі топтағы 1 нөмірлер бір команда құраса 2 нөмірлер екінші команданы құрайды. Екі қатардың да шеткі ойыншыларында доп болады және оларды шеңбермен белгілеп қоямыз. Мұғалімнің белгісі бойынша диагоналмен допты қарсы тұрған ойыншыға жалғау керек және соның орнына тұру үшін жүгіреді, ал, допты қағып алған ойыншы диагоналмен келесіге жалғайды ойын солай жалғасады. Доп ең шеттегі тұрған ойыншыға жеткен кезде ол допты алып жүру арқылы қарсы сапты айнала жүгіріп белгіленген орынға бірінші болып жету керек. Ойын аяғында ойыншылар өздерінің бастапқы орындарынан табылу керек. Бастапқы сапты қай топ бірінші жабдықтайды сол топ жеңіске жетеді. Дискрипторлар:
«Допты жалғау және шығыршыққа тастау эстафетасы». Ойында екі команда болады, ойыншылар баскетбол қалқанына қарсы тұрып бір лек түзейді. Ал, командадағы бір ойыншы қалқанға жақын жерге тобына қарсы қарап тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншылар қалқанға қарай бет алып допты алып жүреді, ортаңғы сызықтан асқан соң қалқанның қасында тұрған командаласына жалғайды ол өз кезегінде допты шығыршықта тастап кері алып қайтып лектің соңына орналасы, ал бірінші допты алып жүріп бастаған ойыншы қалқанның қасында қалады, солай ойын барлығы жасағанша жалғасады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді. Дискрипторлар:
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, бор, әр түрлі доптар, фишкалар, құрсаулар, қағаз, қалам, сұрақтар жазылған қима қағаздар Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. Ысқырық. Ойынға арналған нысандар. қозғалмалы ойындары интернет ресурстарының сілтемесі: | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады. Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады. | Бос кеңістік. Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы». | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Игеруге қажетті дағды озық жүгіру болғандықтан жаттығуды өзгертпейміз, алайда, оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып жүгіру қашықтығы мен уақытын ауыстырып отырамыз -барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындай алады; -оқушылардың басым көпшілігі қашықтықтарды жүгіріп өте алады; -кейбір оқушылар доппен жұмыс жасайды және уақытылы жүгіріп өте алады. | Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы класстастарымен талқылай алады; Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады; Нақты бағалау үшін жоғарыда көрсетілген алдын-ала дайындалған критериилерді пайдаланамыз | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жете назарда ұстау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?