Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 21 сабақ.
№21 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)
Кіріспе бөлім
Тақырып: Шапшаңдыққа бағытталған қоғалмалы ойындар.
Мұғалімді мұқият тыңау, сұрақтарға жауап беру. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін тапсырмаларды мұқият орындау.
Жүру жаттығулары:
-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,
-қол белде, өкшемен жүру,
-қол алда, жартылай отырып жүру,
-қол желкеде, толық отырып жүру.
Жүгіру жаттығулары:
-қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;
-қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;
-сол қол алда, артпен жүгіру;
-қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;
-қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары:
-Б.қ. қол белде, иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;
-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 ретайналдырамыз;
-Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;
-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;
-Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп-жазу, қыз балалар 25 рет отырып тұру.
Негізгі бөлім:
Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар
Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.
Баскетбол алаңының шектеуші сызықтарында толтырылған доптар бағаны болатын, ені 4-5 м бірнеше «қақпа» орнатылады. Әр «қақпаға» бір «қақпашыдан» қойылады. Олар оқушылар арасынан таңдалады. Қалған ойыншылар – «пенальти салушылар» - әр «қақпаға» бірдей бөлінеді және олардан 7-10 м арақашықтықта орналасады. Әрбір «пенальти салушы» допты алып жүру жылдамдығын және допты қолдан-қолға ауыстырып алдамшы қозғалыстар жасап, әр «қақпашыға» кезекпен «буллит» соғады, «бағандардың» бірін жарып шығып, оған бос қолын тигізуге – гол соғуға тырысады. Әрбір «қақпашы» «қақпалардың» жармаларында допты жүргізе қозғалып (қатаң сызық бойымен), оларға қол тигізбеуге тырысады, ол үшін шабуылдаушы «бағанға» қол тигізгенге дейін оның арқасынан ұру қажет. Допты қайта соғуға, яғни «қақпаны» қайта шабуылдауға рұқсат берілмейді. Жеңімпаздарды анықтау. Әрбір ойыншы әр қақпаға «буллиттерді» орындағаннан кейін «қақпашылар» мен «пенальти салушылардың» нәтижелі әрекеттерінің жиынтық саны есептеледі. Осылайша, әрбір амплуада үздіктерді анықтайды.
Дескрипторлар:
1. Тактика және стратегия термині туралы біледі;
2. Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады;
ҚБ: гистограмма. Тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушыларға тактикалық әрекет жөнінде еске салып отырады, қолдануға шақырады және жетістіктерді ауызша мадақтап отырады. Тапсырмалар орындалып болған соң оқушылар бірін-бірі тактиканы білу, қолдану сияқты көрсетілген дескриптор бойынша бағалайды. Флипчартта алдын-ала дайындалған бос гистограмма қаңқасы болу қажет. Алынған нәтижелер бір-бірлерімен жалғанып сәйкесінше кері байланыс беріледі.
«Сабақты қорытындылау»
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.
Қимыл-қозғалыс ойындарға керекті құралдар
Ысқырық секіртпе шығыршық (обруч)
резеңке доп конустар атлетикалық кедергі
Гимнастикалық маты гимнастикалық орындық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?