Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 21 сабақ.


2-бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар

Тақырыбы: Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар

3-сынып

Оқу мақсаты:

3.2.1.1. Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялармен және жоспарлармен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолдану

3.2.3.3 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар, кеңістік білімін қолдану

Сабақ мақсаты:

Ойындағы тактика және стратегия туралы түсіну және ойында тактикалық әрекеттерді қолдану.

Бағалау критерийлері:

- тактика және стратегия термині туралы біледі;

- бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады;

- ойын үрдісінде тактикалық амалдар қолданады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

Жүру жаттығуларын орындау;

Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;

Жылдамдыққа жүгіру;

Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар

Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.

Баскетбол алаңының шектеуші сызықтарында толтырылған доптар бағаны болатын, ені 4-5 м бірнеше «қақпа» орнатылады. Әр «қақпаға» бір «қақпашыдан» қойылады. Олар оқушылар арасынан таңдалады. Қалған ойыншылар – «пенальти салушылар» - әр «қақпаға» бірдей бөлінеді және олардан 7-10 м арақашықтықта орналасады. Әрбір «пенальти салушы» допты алып жүру жылдамдығын және допты қолдан-қолға ауыстырып алдамшы қозғалыстар жасап, әр «қақпашыға» кезекпен «буллит» соғады, «бағандардың» бірін жарып шығып, оған бос қолын тигізуге – гол соғуға тырысады.

Әрбір «қақпашы» «қақпалардың» жармаларында допты жүргізе қозғалып (қатаң сызық бойымен), оларға қол тигізбеуге тырысады, ол үшін шабуылдаушы «бағанға» қол тигізгенге дейін оның арқасынан ұру қажет. Допты қайта соғуға, яғни «қақпаны» қайта шабуылдауға рұқсат берілмейді. Жеңімпаздарды анықтау. Әрбір ойыншы әр қақпаға «буллиттерді» орындағаннан кейін «қақпашылар» мен «пенальти салушылардың» нәтижелі әрекеттерінің жиынтық саны есептеледі. Осылайша, әрбір амплуада үздіктерді анықтайды.

Дескрипторлар:

1. Тактика және стратегия термині туралы біледі;

2. Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады;

ҚБ: гистограмма. Тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушыларға тактикалық әрекет жөнінде еске салып отырады, қолдануға шақырады және жетістіктерді ауызша мадақтап отырады. Тапсырмалар орындалып болған соң оқушылар бірін-бірі тактиканы білу, қолдану сияқты көрсетілген дескриптор бойынша бағалайды. Флипчартта алдын-ала дайындалған бос гистограмма қаңқасы болу қажет. Алынған нәтижелер бір-бірлерімен жалғанып сәйкесінше кері байланыс беріледі.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

«Сабақты қорытындылау»

Кері байланыс кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады:

- мен бүгін ... туралы білдім;

- маған … қиын болды;

- … туралы түсінік пайда болды;

- мен … үйрендім;

- … жасау қолымнан келді;

- … туралы білу қызықты болды;

- … мені таң қалдырды;

- мен … жасағым келді және т.с.с.

Осы секілді рефлексияны мұғалімге де ауызша жүргізуге болады.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Күтілетін нәтиже:

1. Негізгі шапшаңдық техникаларын меңгеру;

2. Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

3. Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

4. Қозғалыс ойындарына деген қызығушылықты ояту;

5. Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен бірікен іс-әрекет жасай білу;

6. Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады

Өткізілген сабаққа рефлексия жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу