Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 24 сабақ.


24 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырып: Ұжымда жұмыс атқару

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

  • Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
  • Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

  • Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
  • Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
  • Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
  • Өкшені артқа лақтырып жүгіру
  • Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
  • Артпен жүгіру
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Сабақтың негізгі бөлімінде

Мақсаты: оқушылардың ұжымда жұмыс жасау дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.

Оқушылар «Түлкі мен тауықтар» ойынын ойнайды. Дабыл бойынша «тауықтар» біресе жүгіреді, біресе «тауық қонақтайтын бақанға отырады», біресе «тауық қораның» жанында жай жүреді (орындықтар «тауық қораны» бейнелейді). Екінші бекітілген шарт бойынша «түлкілер» «тауық қораның» жанына жиналып, кез келген жерге (еденге) тіпті бір аяғымен болса да тұрған «тауықты» ұстап алады. «Түлкілер» «отырған» тауықты қолынан ұстап, өзінің «ініне» әкеледі. Егер жолында оған «аңшы» кездессе, «түлкілер» үсталған тауықты босатады, ал өзі «ініне» қашып тығылады. Ұсталған тауық «тауық қораға» қайтарылады, одан соң барлық «тауықтар» отырған орындарынан ұшып шығады. Егер «аңшы» «түлкіні», ұстап алса, жаңа «түлкі» сайланады. Ойынды бірнеше рет ойнауға болады.

Бір рет те ұсталмаған ойыншылар жеңіп шығады.

Дискриптор:

-ойын ережесін сақтайды;

- топта белсенді қызмет жасайды

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір ойыннан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері

Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзаққа созылатын ойындар оларды жалықтырып жібереді. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр түрлі, қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы.

Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:

1.Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар тобы табиғи қимыл-әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.

2.Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.

3.Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.

4.Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-4 сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50% уақытын алса дұрыс болады.

5.Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс.

Балалардың қимыл-әрекеттерді есте сақтау қабілеттері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан ары қарай баяулай бастайды.

Қимыл-әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана, қосымша түрде қолданамыз.

Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсінуі үшін нақты не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұстау, жетіп алу, допты ойыншыға тигізу және т.с.с. 2, 3 сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа беру қажет.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:

- бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік тұрғыдан дұрыс сабақ өткізу;

- дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қорытындысын

жұмыста пайдалану;

- сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;

- оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;

- сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту;

- ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу;

- оқушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін тұрақты жетілдіру;

- балаларды дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты айналысуға қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту;

- жоғарғы сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына, әдістемелік кеңестеріне қатысу.

Қорытынды бөлімде:

Кері байланыс кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады:

- мен бүгін ... туралы білдім;

- маған … қиын болды;

- … туралы түсінік пайда болды;

- мен … үйрендім;

- … жасау қолымнан келді;

- … туралы білу қызықты болды;

- … мені таң қалдырды;

- мен … жасағым келді және т.с.с.

Осы секілді рефлексияны мұғалімге де ауызша жүргізуге болады.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу