Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 24 сабақ.


2-бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар

Тақырыбы: Ұжымда жұмыс атқару

3-сынып

Оқу мақсаты:

3.3.5.5Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіру

Сабақ мақсаты:

Топта жұмыс жасау барысында дене қызметтерін қалай қолануды түсіну.

Бағалау критерийлері:

- тапсырмаларды немесе ойын ойнауда дене қызметтерін саралайды;

- іс-әрекеттерді қалай қолдануды түсінеді.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.

Жүру кезінде жасалатын жаттығу.

Аяқтын ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,т олық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру

Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру

Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру

Өкшені артқа лақтырып жүгіру

Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру

Артпен жүгіру

Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Ұжымда жұмыс атқару

Мақсаты: оқушылардың ұжымда жұмыс жасау дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.

Оқушылар «Түлкі мен тауықтар» ойынын ойнайды. Дабыл бойынша «тауықтар» біресе жүгіреді, біресе «тауық қонақтайтын бақанға отырады», біресе «тауық қораның» жанында жай жүреді (орындықтар «тауық қораны» бейнелейді). Екінші бекітілген шарт бойынша «түлкілер» «тауық қораның» жанына жиналып, кез келген жерге (еденге) тіпті бір аяғымен болса да тұрған «тауықты» ұстап алады. «Түлкілер» «отырған» тауықты қолынан ұстап, өзінің «ініне» әкеледі.

Егер жолында оған «аңшы» кездессе, «түлкілер» үсталған тауықты босатады, ал өзі «ініне» қашып тығылады. Ұсталған тауық «тауық қораға» қайтарылады, одан соң барлық «тауықтар» отырған орындарынан ұшып шығады. Егер «аңшы» «түлкіні», ұстап алса, жаңа «түлкі» сайланады. Ойынды бірнеше рет ойнауға болады.

Бір рет те ұсталмаған ойыншылар жеңіп шығады.

Дискриптор:

-ойын ережесін сақтайды;

- топта белсенді қызмет жасайды

ҚБ: гистограмма. Тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушыларға тактикалық әрекет жөнінде еске салып отырады, қолдануға шақырады және жетістіктерді ауызша мадақтап отырады. Тапсырмалар орындалып болған соң оқушылар бірін-бірі тактиканы білу, қолдану сияқты көрсетілген дескриптор бойынша бағалайды. Флипчартта алдын-ала дайындалған бос гистограмма қаңқасы болу қажет. Алынған нәтижелер бір-бірлерімен жалғанып сәйкесінше кері байланыс беріледі.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір ойыннан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

«Сабақты қорытындылау»

Кері байланыс кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады:

- мен бүгін ... туралы білдім;

- маған … қиын болды;

- … туралы түсінік пайда болды;

- мен … үйрендім;

- … жасау қолымнан келді;

- … туралы білу қызықты болды;

- … мені таң қалдырды;

- мен … жасағым келді және т.с.с.

Осы секілді рефлексияны мұғалімге де ауызша жүргізуге болады.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Күтілетін нәтиже:

1. Негізгі шапшаңдық техникаларын меңгеру;

2. Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

3.Ұжымда жұмыс атқаруды түсіну;

4. Қозғалыс ойындарына деген қызығушылықты ояту;

5. Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен бірікен іс-әрекет жасай білу;

6. Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады

Өткізілген сабаққа рефлексия жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу