Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 24 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 24
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Қозғалыс және спорт ойындар | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Ұжымда жұмыс атқару | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.5.5 Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіру | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Топта жұмыс жасау барысында дене қызметтерін қалай қолануды түсіну. | |||||||||
Бағалау критерийлері | - тапсырмаларды немесе ойын ойнауда дене қызметтерін саралайды; - іс-әрекеттерді қалай қолдануды түсінеді. | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар: • Сіздер өздеріңізді бір немесе басқа ролде өзініңізді қалай сезіндіңіз? | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу, бір-бірін құрметтеу, мәдени, этикалық қасиеттерді дамытады «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология (жүрек соғу жиілігін есептеп шығару) Пульсометрия жүргізу. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша қозғалмалы ойындардың тапсырмаларын көрсету немесе басқа елдердің ұлттық ойындарымен таныстыру. | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар бұл бөлімде қозғалысты үйлестіру үшін қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы командада жұмыс атқару және қозғалыс дағдыларын, доппен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын ойындар ойнайды. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау. Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. | Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік. Ұсынылатын қызмет түрлеріне байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | Ұжымда жұмыс атқару Мақсаты: оқушылардың ұжымда жұмыс жасау дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу. Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету. Оқушылар «Түлкі мен тауықтар» ойынын ойнайды. Дабыл бойынша «тауықтар» біресе жүгіреді, біресе «тауық қонақтайтын бақанға отырады», біресе «тауық қораның» жанында жай жүреді (орындықтар «тауық қораны» бейнелейді). Екінші бекітілген шарт бойынша «түлкілер» «тауық қораның» жанына жиналып, кез келген жерге (еденге) тіпті бір аяғымен болса да тұрған «тауықты» ұстап алады. «Түлкілер» «отырған» тауықты қолынан ұстап, өзінің «ініне» әкеледі. Егер жолында оған «аңшы» кездессе, «түлкілер» үсталған тауықты босатады, ал өзі «ініне» қашып тығылады. Ұсталған тауық «тауық қораға» қайтарылады, одан соң барлық «тауықтар» отырған орындарынан ұшып шығады. Егер «аңшы» «түлкіні», ұстап алса, жаңа «түлкі» сайланады. Ойынды бірнеше рет ойнауға болады. Бір рет те ұсталмаған ойыншылар жеңіп шығады. Дискриптор: -ойын ережесін сақтайды; - топта белсенді қызмет жасайды Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. Ысқырық. Волейбол добы, жіп, тор, секіргіш. Балаларға арналған қозғалмалы ойындары интернет ресурстарының сілтемесі: | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Кері байланыс кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады: - мен бүгін ... туралы білдім; - маған … қиын болды; - … туралы түсінік пайда болды; - мен … үйрендім; - … жасау қолымнан келді; - … туралы білу қызықты болды; - … мені таң қалдырды; - мен … жасағым келді және т.с.с. Осы секілді рефлексияны мұғалімге де ауызша жүргізуге болады. Үй тапсырмалары беріледі; Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады) Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару. | Бос кеңістік. Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы». | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. Жұптық және топтық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу | Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы класстастарымен талқылай алады; Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады; Нақты бағалау үшін жоғарыда көрсетілген алдын-ала дайындалған критериилерді пайдаланамыз | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жете назарда ұстау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?