Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
№1 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы негізгі түсініктер
Сабақтың кіріспе бөлімінде
Сергіту сәттерін, қыздырыну жаттығуларын ұйымдастыру. Оқушылардың тапсырмалармен, жаттығулармен жұмыс жасаудағы іс-әрекеттерін бағалау. Денсаулықтың қадірін түсіндіру. Сұрақ-жауаптар арқылы күнделікті дене жаттығуларының маңыздылығын түсіндіру.
Негізгі бөлімде:
І бөлімнің яғни, жеңіл атлетика бөліміндегі қауіпсіздік ережесін оқушыларға түсіндіру. Денсаулықлық жайында терең мағлұматтар бере отырып, денсаулықты күту үшін, күнделікті дене жаттығуларың дұрыс орындалуын түсіндіру.
Мұғалім әрекеті:
- тапсырмаларды орындау орынын, құрал-жабдықтарды дайындайды;
- сыныпты бірнеше шағын топтарға бөледі;
- оқушыларға жеке топ ретінде өзіндік дене жаттығуларын жасақтап көрсетуді ұсынады;
- жаттығудың аты мен рөлдерін нақтылауды талап етеді;
- тапсырманы түсіндіреді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жетілдіру керек дағдыларды, әрбір оқушының жеке жетістіктерін айтып тұрады;
- оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын бірі-бірлеріне ауызша баға беру арқылы жүзеге асырады;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
Топтық жұмыстың артықшылықтарын айта алар ма едіңіз?
Жеңіл атлетика бөліміндегі ҚЕ барлық оқушыларды таныстыру. Күнделікті дене жаттығуларының түрлерімен таныстыру.
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері
Жеңіл атлетика сабағында бастыкөңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.
Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:
- Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.
- Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.
- Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
- Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
- Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.
- Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.
- Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.
- Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
- Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
- Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.
Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.
Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқкиімдер.
Ресурстар және сілтемелер
https://en.ppt-online.org/273744
Дене жаттығуларына сілтеме
https://www.youtube.com/watch?v=9mnM6j4i46s
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?