Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
№2 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы негізгі түсініктер бойынша нұсқаулық
Оқушыларға денсаулық қаншалықты қадірлі екендігін, денсаулықтың қадірін түсіндіру. Денсаулық күту үшін жасалатын күнделікті жаттығу түрлерін атап айту.
Денсаулық – адам өміріндегі ең басты қажеттілік, бой тазалығы, дертті бойға дарытпау, яғни ағзасының дұрыс және қалыпты жұмыс жасауы, әрі сыртқы ортамен динамикалық тепе-теңдікке келіп, барлық мүшелер жүйелерінің қарым-қатынасы гармониялық түрде болуы, организмнің өзін-өзі басқара білуі.
Денсаулықты қалыптастырудың негізгі алты қырлары:
а) Тәндік денсаулық – жатыққан және шыныққан тәндік аурулары жоқ біздің денеміздің қалай құрылғандығы және қалай жұмыс істейтіндігі туралы түсініктерді қамтиды.
б) Психикалық және интеллектуалды денсаулық – кемістігінің және психикалық аурулардың жоқ екендігін білдіреді, ол адамның жаңа білімді игеруге және пайдалануға қалай қабілетті екенін айтады.
в) Өзіндік денсаулық – адамның өзін тұлға ретінде түсінуін, оның алға ұмтылуын, жетістіктерін, өмірлік құндылықтарын көрсетеді. Біреулер табысты жұмыстан, кейбіреулер – өнерден, үшіншілері – жанұядан, ал төртінші біреулер – жеке баюдан іздейді және т.б.
г) Рухани денсаулық – бұл адам өмірінің орталығы, бұл оның адамгершілігі, түсінуі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, ізгілікті қабылдауы.
д) Эмоциялық денсаулық – өзін түсіну, сезімін және абыржуын бақылауы, өзінің сезімін түсіндіре білу, керекті және керексіз емес эмоцияларды білу.
е) Әлеуметтік денсаулық – өзіндік қоғамның бір бөлігі ретінде тану, қоғамның өміріндегі және қоғамдағы өз сәттіліктеріңді тану. Бұл адамдармен қатынас жасай білу, мамандық- білімділік.
Денсаулықтың қалыптасуына әсер ететін факторлар:
Өмір сүру салты (өндірістік деңгей, еңбек өнімділігі); құжаттық, мәдени қжеттіліктерді қамтамасыз ету деңгейі, жалпы білім алу және мәдениет деңгейі, тамақтану ерекшеліктері, қимыл белсенділігі, ерсі қоршаған орта жағдайы және т.б.
Денсаулықты пайдалану:
Денсаулықты қалпына келтіру.
сауықтыру әрекеті;
емдеу;
қалпына келтіру.
Оқушыларға сабақ маққсатына сәйкес берілген тапсырмалар бойынша әрекеттердің, яғни денсаулықтың негізгі түсініктерін түсіндіру. Күнделікті дене жаттығуларының маңыздылығын айта отырып, олардың дұрыс орындалуын көрсетуді талап ету. Оқушыларды топтарға бөліп, түрлі жаттығуларды көрсетулерін қадағалау.
Рефлексия
МІНДЕТТІ: Әр сабақтан кейін оқушылардан міндетті түрде өткізілген сабаққа рефлексия жасатып, кері байланыс алу. Себебі, оқушылардың берген кері байланыстарынан кейін келесі сабақты жүйелі жоспарлау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?