Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.
№3 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы негізгі түсініктер
Сабақтың кіріспе бөлімінде
Сергіту сәттерін, қыздырыну жаттығуларын ұйымдастыру.
Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.
Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы жеңіл атлетика, қауіпсіздік ережелері туралы мәселелер нақтыланады.
Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.
Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.
Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, қозғалыста ЖДЖ-ын орындайды).
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлімде:
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін тиімді дене жаттығуларын жасақтау. Денсаулыққа пайдалы жаттығу түрлерін көрсету.
Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып жеңіл атлетика бөліміндегі негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Жеке қозғалыс әрекеттерді сынамалау.
Сипаттама: Жерде түрлі пішіндегі сызықтар жүргізіледі ол – жолдар. Ойнаушылар олардың үстінен бірінен соң бірі жүгіріп, тепе-теңдік сақтай отыра күрделі бұрылыстар жасайды. Бір-біріне кедергі жасамай, алда жүгіріп келе жатқанға соқтығыспай, дәл сызыққа басып, жолмен жүгіру керек.
Ойынға қатысушылар саны әртүрлі болуы мүмкін. Жолдың ұзындығы суретте көрсетілгендей кез келген ұзындықта болуы мүмкін, бірақ 5 м кем болмауы тиіс. Бұл ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. Пішіні бірдей бірнеше сызық сызылып, әр қайсысының соңына жалаушалар қойылады. Ойнаушылардың бірінші жалаушаға жеткені тез басынан жоғары көтеруі керек. Командалық ойын түрінде өткізуге болады.
Мұғалім әрекеті:
- тапсырмаларды орындау орынын, құрал-жабдықтарды дайындайды;
- сыныпты бірнеше шағын топтарға бөледі;
- жаттығудың аты мен рөлдерін нақтылауды талап етеді;
- тапсырманы түсіндіреді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жетілдіру керек дағдыларды, әрбір оқушының жеке жетістіктерін айтып тұрады;
- оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын бірі-бірлеріне ауызша баға беру арқылы жүзеге асырады;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
Қандай пайдалы қасиеттер біздің ойынымызда байқалды? Неліктен осы жүктеме әрбіреуіңіздің жүрек соғу жиілігін арттырады және демалуды жиілететінін айта аласыздар ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.
«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:
http://ped-kopilka.ru/blogs/yulija-viktorovna-butova/podvizhnye-igry-s-begom-dlja-detei-5-7-let.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?