Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


№3 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)

Тапсырма түрлері: Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін тиімді дене жаттығуларын жасақтау. Денсаулыққа пайдалы жаттығу түрлерін көрсету. Оқу жоспарында берілген ойындар арқылы оқушы әрекет жасау және сол бойынша мақсатқа жеткендігі бағаланады.

Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып жеңіл атлетика бөліміндегі негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Жеке қозғалыс әрекеттерді сынамалау.

Сипаттама: Жерде түрлі пішіндегі сызықтар жүргізіледі ол – жолдар. Ойнаушылар олардың үстінен бірінен соң бірі жүгіріп, тепе-теңдік сақтай отыра күрделі бұрылыстар жасайды. Бір-біріне кедергі жасамай, алда жүгіріп келе жатқанға соқтығыспай, дәл сызыққа басып, жолмен жүгіру керек.

Ойынға қатысушылар саны әртүрлі болуы мүмкін. Жолдың ұзындығы суретте көрсетілгендей кез келген ұзындықта болуы мүмкін, бірақ 5 м кем болмауы тиіс. Бұл ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. Пішіні бірдей бірнеше сызық сызылып, әр қайсысының соңына жалаушалар қойылады. Ойнаушылардың бірінші жалаушаға жеткені тез басынан жоғары көтеруі керек. Командалық ойын түрінде өткізуге болады.

Оқушы әрекеті:

Оқушылар екі немесе үш топқа бөлінеді.

1-әрекет. Жаңа сабақ барысында игерген қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, мұғалім көрсеткен ойынды ережесімен ойнап көрсетеді

2-әрекет. Оқушылар шағын топта ақылдаса отырып өздерінің дене жаттығуларын жасақтайды, сынамалап көреді, ұсынады.

3-әрекет. Шағын топтарда жасақталған жаттығуды ұсыну. Оқушылар жаттығудың атын айтады, ойыншылардың әрекетін түсіндіреді.

Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- ережені біледі, түсіндіреді;

- шағын топта тиімді әрекет етеді, жаттығуды көрсетеді;

- қимыл-қозғалыс ойынын ережемен сәйкес ойнайды;

- ойында тәртіп сақтап, жылдам орындайды.

Жалпы, мұғалім ұсынған тапсырма, іс-әрекет, ойындар бойынша бағалау критерийлеріне қол жеткізіп, мұғалім тарапынан бағалану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу