Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.
№4 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
Сабақтың кіріспе бөлімінде
Сергіту сәттерін, қыздырыну жаттығуларын ұйымдастыру.
Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.
Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы туралы мәселелер нақтыланады.
Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.
Сабақтың негізгі бөлімінде
Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы туралы ақпараттандыру.
Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып жеңіл атлетика бөліміндегі негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Жеке қозғалыс әрекеттерді сынамалау. Денені қыздыру мен босаңсытудың маңыздылығын түсіну.
Сипаттама: Оқушылар шағын топтарда ақылдаса отырып жеңіл атлетика бөліміндегі дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңыздылығын түсіндіруге тырысады. Жаттығуларды көрсету барысында жүру, жүгіру, секіру секілді негізгі қозғалыс жаттығулары арқылы дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.
Мұғалім әрекеті:
- тапсырмаларды орындау орынын, құрал-жабдықтарды дайындайды;
- сыныпты бірнеше шағын топтарға бөледі (сергіту сәттері арқылы топтарға бөлу);
- оқушыларға жеке топ ретінде өзіндік дене жаттығуларын жасақтап көрсетуді ұсынады;
- жаттығудың аты мен рөлдерін нақтылауды талап етеді;
- тапсырманы түсіндіреді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жетілдіру керек дағдыларды, әрбір оқушының жеке жетістіктерін айтып тұрады;
- оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын бірі-бірлеріне ауызша баға беру арқылы жүзеге асырады;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
Топтық жұмыстың артықшылықтарын айта алар ма едіңіз?
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.
«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:
http://ped-kopilka.ru/blogs/yulija-viktorovna-butova/podvizhnye-igry-s-begom-dlja-detei-5-7-let.html
«Қоян, күзетші және күшік». Сынып ішінде екі жүргізушіні таңдаңыз «күзетші және күшік» Алаңның ортасында оқушылар қысқа секіртпе жіпті «дуал» 40-60 см биіктікте ұстап тұрады. Мұғалімнің белгісімен «қояндар» (әр «іннен» бір-бірден, секіртпе жіптен жоғары немесе төмен) жүгіріп шығып, «дуалдан» секіріп түсіп «бақшаға» түседі. «Күзетші» шығып, алақанын соғады. «Қояндар» қашып шығып, «дуалдың» астынан өрмелеп немесе үстінен секіріп өтіп «індеріне» жүгіреді. «Күшік» қашқандарды қуып, ұстауға тырысады. «Іннің» іші «қояндар» үшін қауіпсіз жер болып табылады. «Күшікке» бірде-бір рет ұстатпағандар жеңіске жетеді. Әрбір жүгіру кезінде «күзетші» мен «күшік» орындарын ауыстырады.
«Қосаяқтар» қозғалмалы ойыны. Ойыншылардың ең аз саны – екі адам. Бормен жерге «сөрені» сызу керек. Барлық оқушылар жұппен бөлініп тұрады. Бірінші жұп «сөреге» «сөреге» шығады. Бірінші ойыншы барынша алысқа секіреді. Оның секірген ұзындығын бормен белгілейді. Екінші ойыншы қарама-қарсы бағытта секіреді. Секіруді бірінші оқушы секіріп жеткен жерден орындайды. Ол жай ғана «сөрелік» сызыққа дейін секіріп қоймай, бірнеше сантиметрге алысырақ секіруге тырысуы керек. Егер екінші ойыншы осыны орындай алса, осы жұптың жеңімпазы болып есептеледі. Ал егер орындай алмаса – бірінші ойыншы жеңімпаз болады. Одан кейінгі жұптар бірінші және келесі этаптардың жеңімпаздарынан құралады. Ең соңында екі епті «қосаяқтар» қалып, «қосаяқтар» олипиадалық ойындарының абсолютті чемпионы атағына кім лайықты екенін анықтайды!
Ойынды қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың жетістіктерін бағалау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?