Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 4 сабақ.


3 сынып 1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Тақырыбы: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар

Оқу мақсаттары

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.2. Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді

 

3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Дене жаттығуларын, қимыл-қозғалыс ойынын орындағанда қыздырыну және босаңсыту маңызын түсінеді.

дене жаттығуларымен айналысқанда қыздырыну дың маңызын түсінеді;

жаттығуларды орындау барысында босаңсынуды түсінеді.

Сабақ мақсаттары

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Осы бөлімде оқушылар бастапқыда жүрек-қан тамыр жүйесін (төзімділікті) дамыту үшін бірқатар кіріспе іс-әрекеттерге қатысады. Олар дене температурасы, дене белсенділігі кезінде және одан кейін жүректің қысқару жиілігі сияқты өзгерістерді анықтау үшін бірқатар стратегияларды тәжірибеде жүзеге асырады. Олар қимыл дағдыларын орындайды және жақсартады, олардың әрекеттері түрлі дыбыс белгілерімен сүйемелденеді. Осы бөлімнің екінші бөлімінде жүректің сау болуына ықпал ететін серіктес және топтық сабақтар жеңілдетіледі. Оқушылар өздерін әлеуметтік дағдыларға тәрбиелеу арқылы басқа оқушылармен жұмыс істейді, себебі олар төзімділікті дамыту белсенділігін орындайды, басқарады және құрады. Мұнымен қоса, оқушылар басқа оқушыларға күш пен икемділікті көрсететін жаттығуларды ойлап табатын жұптасқан белсенділік арқылы дамиды.

Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы туралы ақпараттандыру.

Оқушы әрекеті:

Оқушылар үш-төрт адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.

1-әрекет. Жаңа сабақ барысында игерген дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы түсіндіре отырып, жаттығудың маңыздылығын айта отырып көрсетеді. Топтағы іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді.

2-әрекет. Оқушылар шағын топта ақылдаса отырып өздерінің дене жаттығуларын жасақтайды, сынамалап көреді, ұсынады.

3-әрекет. Шағын топтарда жасақталған жаттығуды ұсыну. Оқушылар жаттығудың атын айтады, ойыншылардың әрекетін түсіндіреді.

Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- дене жаттығуларының маңыздылығын түсіндіреді;

- шағын топта белсенділік танытады, жаттығудың кем дегенде 5-6 түрін көрсетеді;

Қимыл-қозғалыс ойын түрлері

«Қоян, күзетші және күшік». Сынып ішінде екі жүргізушіні таңдаңыз «күзетші және күшік» Алаңның ортасында оқушылар қысқа секіртпе жіпті «дуал» 40-60 см биіктікте ұстап тұрады. Мұғалімнің белгісімен «қояндар» (әр «іннен» бір-бірден, секіртпе жіптен жоғары немесе төмен) жүгіріп шығып, «дуалдан» секіріп түсіп «бақшаға» түседі. «Күзетші» шығып, алақанын соғады. «Қояндар» қашып шығып, «дуалдың» астынан өрмелеп немесе үстінен секіріп өтіп «індеріне» жүгіреді. «Күшік» қашқандарды қуып, ұстауға тырысады. «Іннің» іші «қояндар» үшін қауіпсіз жер болып табылады. «Күшікке» бірде-бір рет ұстатпағандар жеңіске жетеді. Әрбір жүгіру кезінде «күзетші» мен «күшік» орындарын ауыстырады.

Қимыл-қозғалыс ойын түрлері

«Қосаяқтар» қозғалмалы ойыны. Ойыншылардың ең аз саны – екі адам. Бормен жерге «сөрені» сызу керек. Барлық оқушылар жұппен бөлініп тұрады. Бірінші жұп «сөреге» «сөреге» шығады. Бірінші ойыншы барынша алысқа секіреді. Оның секірген ұзындығын бормен белгілейді. Екінші ойыншы қарама-қарсы бағытта секіреді. Секіруді бірінші оқушы секіріп жеткен жерден орындайды. Ол жай ғана «сөрелік» сызыққа дейін секіріп қоймай, бірнеше сантиметрге алысырақ секіруге тырысуы керек. Егер екінші ойыншы осыны орындай алса, осы жұптың жеңімпазы болып есептеледі. Ал егер орындай алмаса – бірінші ойыншы жеңімпаз болады. Одан кейінгі жұптар бірінші және келесі этаптардың жеңімпаздарынан құралады. Ең соңында екі епті «қосаяқтар» қалып, «қосаяқтар» олипиадалық ойындарының абсолютті чемпионы атағына кім лайықты екенін анықтайды!

Дискрипторлар:

- ойында ҚЕ сақтайды;

- топта белсенділік танытады және әділ ойнауға шақырады

Ойынды қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың жетістіктерін бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Икемділік, емтілік дағдылардың пайда болуы;

Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;

Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу.

Сабақ соңындағы рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу