Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.


№5 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырып: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар

Сабақтың кіріспе бөлімінде

Сергіту сәттерін, қыздырыну жаттығуларын ұйымдастыру.

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңызы туралы мәселелер нақтыланады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.

Сабақтың негізгі бөлімінде

Дене жаттығуларын жетілдіру тапсырмалары.

Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып түрлі іс-әрекетке бағытталған негізгі жаттығуларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету әрекеттерден хабардар ету.

Сипаттама: Оқушылар шағын топтарда, жұпта ақылдаса отырып дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын ойластырып орындауға тырысады. Тапсырманы орындау барысында түрлі жаттығуларды, секіру жаттығуларын, физикалық өзгерістерді, бақылау стратегияларын, негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.

Мұғалім әрекеті:

- тапсырмаларды орындау орынын, құрал-жабдықтарды дайындайды;

- сыныпты бірнеше топтарға бөледі;

- оқушыларға спортшының негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіруге арналған тапсырмаларды орындауды ұсынады;

- тапсырманы түсіндіреді;

- тапсырмаларды орындау кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;

- тапсырмаларды орындау кезінде жетілдіру керек дағдыларды, әрбір оқушының жеке жетістіктерін айтып тұрады;

- оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын бірі-бірлеріне ауызша баға беру арқылы жүзеге асырады;

Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:

Сенің серіктесің ұсынған кері байланыс пайдалы болды ма?

Қорытынды бөлімде:

Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:

http://ped-kopilka.ru/blogs/yulija-viktorovna-butova/podvizhnye-igry-s-begom-dlja-detei-5-7-let.html

Уақыт қалса «Үйшіксіз қоян» қимыл-қозғалыс ойынын балама түрін ойнату.

Ойын ережесі: Оқушылар ұл, қыз болып жұпасып, шеңбер бойынан тұрады. Екі оқушы шеңберді айналып бірін-бірі қуады. Шаршаған ойыншы шеңбер бойында тұрған жұптардың алдына тұрса, артындағы үшінші оқушы қашады немесе қуады. Ойын осылай жалғасады.

Бағалау: Ойынды қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың жетістіктерін бағалау. Оқушыларды сырттан бақылап, бағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу