Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


№5 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)

Кіріспе бөлім

Оқушы іс-әрекеті:

Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, қозғалыста ЖДЖ-ын орындайды). Қыздырыну жаттығуларының орнына қимыл-қозғалыс ойынын ойнатуға болады. Мысалы: «Үйшіксіз қоян» Мұғалім ережесін түсіндіріп, ойнатады.

Оқушыларға ойыннын ережесін айтып түсіндіру. Оқушыларды шенбер жасатып тұрғызу. Ойын барысында бір ойыншыны шығарамыз,ол ойыншы үйі жоқ қоян болады.

Үйі жоқ қоян шенберді айналып,өзіне үй іздид.,Бір ойыншыны түртіп қашады,екеуі қарама қарсы жүгіріп жанағы бос орынға жету керек,кім бірінші жетсе сол женген болады.

Негізгі бөлім:

Оқушы әрекеті:

Оқушылар жұптарға жасақталады. Өткен сабақтағы дағдыларды жетілдіру үшін күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады:

- қыздырыну жаттығуларын орындайды;

- серіктесімен дене жаттығуларын орындайды;

- аяқ-қол жаттығуларын күрделендірілген түрін орындайды;

- жалпы дамыту жаттығуларын тыянақты орындап көрсетеді.

Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындауды сынамалау:

- залдың бір бөлігінде әр жұп жұбымен жаттығу түрлерін орындайды;

- жұптар жаттығуларды нақтылап көрсетеді.

Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- секіктесімен жаттығуды өңдейді;

- қозғалыста серіктесіне нақты қимыл көрсетеді;

- түрлі іс-әрекеттерде жаттығуларды нақтылайды.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Уақыт қалса «Үйшіксіз қоян» қимыл-қозғалыс ойынын балама түрін ойнату.

Ойын ережесі: Оқушылар ұл, қыз болып жұпасып, шеңбер бойынан тұрады. Екі оқушы шеңберді айналып бірін-бірі қуады. Шаршаған ойыншы шеңбер бойында тұрған жұптардың алдына тұрса, артындағы үшінші оқушы қашады немесе қуады. Ойын осылай жалғасады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларды сырттан бақылап, бағалау.

Қосымша ресурстарды тарату.

Жаттығу түрлеріне сілтеме

https://erketai.org/bala-densauligi/balalarga-arnalgan-dene-jattigulari/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу