Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 7

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім – Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері

Оқу мақсаттары

3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну

 Сабақ мақсаттары

  • Дененің дұрыс дамуы үшін жасалатын жаттығуларды біледі және қозғалыстарды қалай орындау керектігін түсінеді.

 Бағалау критерийлері

  • жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын орындайды;
  • қозғалыстардың қалай орындалу керектігін түсінеді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін салыстыра және көрсете алады

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • физикалық қасиеттер: жылдамдық, күш, төзімділік, ептілік
  • лақтырулар, көтеріп лақтыру

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Оқушының секіруді жақсартуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не істеу керектігін түсіндіріңіз?
  • Ұзындыққа секіру кезінде қолдың серпілуі қаншалыты маңызды?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

-Шығармашылықты нығайту

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Құрмет

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Лақтыру, секіру, жүгіру жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді)

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету, іс-әрекетке бағытталған жаттығуларды көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар кезінде алған жеңіл атлетика арқылы қатысу бойынша тәжірибесі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы жүгіру, секіру, лақтыру кезінде дененің дұрыс дамуы үшін түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыстарды қалай орындау керек екендігінің маңызы туралы мәселелер нақтыланады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар белгіленген алаңда бір-бірінен қашып жүгіреді. Сәл уақыттан кейін мұғалім ысқырықпен белгі береді, одан кейін оқушылар екі-екеуден жұптасып жүгіреді. Жұпта ажырамай бірге қашып, бірге қуу керек. Ұсталынған жұптар қосылып, бірге басқа жұптарды қуады. Ойын осылай барлық жұптар ұсталынғанша жалғасады.

Тыныс алу, жалпы дамыту жаттығулары оырндалады.

Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі ойын ережесін, қауіпсіздік ережесін мұқият орындайды.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық.

Сабақтың ортасы

25 мин.

Дененің дұрыс дамуы үшін жасалатын лақтыру, секіру, жүгіру жаттығуларды жетілдіру тапсырмалары.

Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып түрлі іс-әрекетке бағытталған негізгі жаттығуларды жетілдіру, оқы мақсаттарын шешу. Жүгіру, секіру, лақтыру кезінде дененің дұрыс дамуы үшін түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыстарды қалай орындау керек екендігінің хабардар ету.

Сипаттама: Оқушылар 4-5 тен екі жұпқа бөлініп, мұғалім тапсырмасын мұқият орындауға тырысады. Яғни, дененің дұрыс дамып, жетілуі үшін жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларды орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін ажыратады, топта түсіндіреді. Тапсырманы орындау барысында түрлі жаттығуларды, секіру жаттығуларын, физикалық өзгерістерді, бақылау стратегияларын, негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.

Мұғалім әрекеті:

- тапсырмаларды орындау орынын, құрал-жабдықтарды дайындайды;

- сыныпты топтарға бөледі;

- оқушыларға дағдыларын жетілдіруге арналған тапсырмаларды орындауды ұсынады;

- дененің дұрыс дамып, жетілуі үшін жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларды орындау тапсырмаларын түсіндіреді;

- тапсырмаларды орындау кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;

- тапсырмаларды орындау кезінде жетілдіру керек дағдыларды, әрбір оқушының жеке жетістіктерін айтып тұрады;

- оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын бірі-бірлеріне ауызша баға беру арқылы жүзеге асырады;

Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді: Командаластарыңызға қандай көмек көрсеттіңіз? Тапсырманы күрделендіру үшін қандай ұсынысыңыз бар?

Оқушы әрекеті:

Оқушылар екі топқа жасақталады. Өткен сабақтағы дағдыларды жетілдіру үшін күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады:

- жаттығуларды бір-біріне көрсету барысында қате және дұрыс нұсқаларын көрсетеді;

- бір-біріне кері байланыс беріп, жаттығулардың маңыздылығын айтады;

- топта бірлесіп жұмыс жасауға тырысады;

- дененің дұрыс дамып, жетілуі үшін жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулардын орындайды;

- жаттығулардың дұрыс және бұрыс түрлерін көрсетіп, түсіндіреді;

- топтар тапсырманы орындағаннан кейін бірін-бірі бағалайды;

Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- жаттығуларды дұрыс орындап көрсетеді, өңдейді;

- қозғалыста жаттығуларды серіктесіне көрсетеді;

-жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын түрлі әдісте көрсетеді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

«Кім қалай секіреді» ойынын ойнату.

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Ортада ойынды бастаушы сайланады. Ол секіртпе жіпті алып, төменнен белгі бойынша айналдыра бастайды. Шеңбер бойындағы ойыншылар сол секіртпеден ылдам секірулері қажет. ( бір аяқпен, қос аяқпен, аттап өту әдісімен болады.)

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындар» сілтемесі:

http://allforchildren.ru/games/active3-1.php

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Кері байланыс картасын» таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, жеңіл атлетикалық секірулерді жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар секіру дағдыларын қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Бақылау;

Ынталандыру мадақтары;

Ауызша сындарлы кері байланыс.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу