Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 7 сабақ.
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Тақырыбы: Лақтыру, секіру, жүгірудің түрлері
3-сынып
Оқу мақсаттары
3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну
Сабақ мақсаттары
Дененің дұрыс дамуы үшін жасалатын жаттығуларды біледі және қозғалыстарды қалай орындау керектігін түсінеді.
Бағалау критерийлері
жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын орындайды;
қозғалыстардың қалай орындалу керектігін түсінеді
Тақырып көлеміндегі әрекеттер
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.
Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы жүгіру, секіру, лақтыру кезінде дененің дұрыс дамуы үшін түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыстарды қалай орындау керек екендігінің маңызы туралы мәселелер нақтыланады.
Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар белгіленген алаңда бір-бірінен қашып жүгіреді. Сәл уақыттан кейін мұғалім ысқырықпен белгі береді, одан кейін оқушылар екі-екеуден жұптасып жүгіреді. Жұпта ажырамай бірге қашып, бірге қуу керек. Ұсталынған жұптар қосылып, бірге басқа жұптарды қуады. Ойын осылай барлық жұптар ұсталынғанша жалғасады.
Тыныс алу, жалпы дамыту жаттығулары оырндалады.
Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды. Тапсырмаларды орындау кезіндегі ойын ережесін, қауіпсіздік ережесін мұқият орындайды.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.
Дененің дұрыс дамуы үшін жасалатын лақтыру, секіру, жүгіру жаттығуларды жетілдіру тапсырмалары.
Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып түрлі іс-әрекетке бағытталған негізгі жаттығуларды жетілдіру, оқы мақсаттарын шешу. Жүгіру, секіру, лақтыру кезінде дененің дұрыс дамуы үшін түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыстарды қалай орындау керек екендігінің хабардар ету.
Сипаттама: Оқушылар 4-5 тен екі жұпқа бөлініп, мұғалім тапсырмасын мұқият орындауға тырысады. Яғни, дененің дұрыс дамып, жетілуі үшін жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларды орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін ажыратады, топта түсіндіреді. Тапсырманы орындау барысында түрлі жаттығуларды, секіру жаттығуларын, физикалық өзгерістерді, бақылау стратегияларын, негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.
Арнайы дене жаттығулары
Оқушылар тапсырмаға сәйкес, жұпта және топта түрлі іс-әрекеттегі жаттығуларды көрсетеді.
Оқушылар өз ойларынан жаттығу ойластырып көрсетулеріне болады.
Дене жаттығуларының маңызы
Еркін қозғалыстар ретінде физикалық жаттығулар адамның санасына негізделеді және кейбір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Жаттығу назар аудару, ойлау, күш-жігер жұмсаумен байланысты. Дене жаттығуларын орындау кезінде адам ағзасының әр түрлі жүйелерін жетілдіру және жақсарту функционалдық өзгерістер орын алады. Дене жаттығуларын орындау кезінде дененің, сондай-ақ оның бөліктерінің кеңістікте де, бір-біріне қатысты да қозғалысы болады. Дене жаттығуларының тиімділігі қозғалыс үрдісінде тұрақтылыққа байланысты.
Дене шынықтыру дегеніміз – жастарымыздың, қазіргі ұрпақтың өсіп жетілуіне, денсаулығын нығайтуға, тіршілік үшін маңызды қимыл әрекеттерін меңгеруге, ой және дене еңбегімен айналысуына, еңбек етуіне көмектесетін жетілдіруші және түзетуші шаралар жүйесі болып табылады.
Сонымен қатар дене тәрбиесі табандылық, жігерлік мақсатқа талпынушылық сияқты қасиеттердің дамуына жәрдемдеседі.
«Кім қалай секіреді» ойынын ойнату.
Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Ортада ойынды бастаушы сайланады. Ол секіртпе жіпті алып, төменнен белгі бойынша айналдыра бастайды. Шеңбер бойындағы ойыншылар сол секіртпеден жылдам секірулері қажет. ( бір аяқпен, қос аяқпен, аттап өту әдісімен болады.) Кімде кім секіре алмай қалса сол ортаға шығып секіртпе жіпті айналдырады.
Күтілетін нәтиже:
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Икемділік, емтілік дағдылардың пайда болуы;
- Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;
- Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу.
Оқушылармен бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізу. Крточкалар таратып беру. Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?