Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 9 сабақ.
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Тақырыбы: Лақтыру, секіру, жүгірудің түрлері
3-сынып
Оқу мақсаттары
3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну
Сабақ мақсаттары
Дененің дұрыс дамуы үшін жасалатын жаттығуларды біледі және қозғалыстарды қалай орындау керектігін түсінеді.
Бағалау критерийлері
топтық дағдылар мен ынтымақты көрсету;
белгілі бір уақыт ішінде дене қасиеттерін дамытатын жаттығуларды құрастыру.
Тақырып көлеміндегі әрекеттер
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Спорттық киімдеріне назар аудару.
Сәлемдесу.
Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.
Бұрылыстарды біркелкі орындау.
Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.
Жүрістегі жаттығулар.
Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.
Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.
Дененің дұрыс дамуы үшін жасалатын лақтыру, секіру, жүгіру жаттығуларды жетілдіру тапсырмалары.
Сыныпты шағын топтарға бөлу, секіру жаттығуларын орындау:
- Екі аяқпен итеріліп, орнынан ұзындыққа секіру (5-6 рет).
Алты-сегіз жүгіру қадамымен ұзындыққа секіру (5-6 рет).
Дескрипторлар:
секіру үшін арнайы қозғалыстарды орындайды;
жеке қауіпсіздік үшін қол, аяқ қозғалыстарын үйлестіре алады;
дене қасиеттерді дамыту үшін бірнеше жаттығулар ұсынады.
Жүгіру, секіру, лақтырудың маңызы
Жеңіл атлетиканың жаттығулары бес түрге бөлінеді: спорттық тәсілімен жүру, жүгіру, секіру, ядро, диск, найза, граната лақтыру және көп сайыс. Жүгіру мен жүру - күнделікті өмірде кездесетін дене жаттығуларының табиғи түрі. Осы екі түрімен күнделікті жаттығу адам денесінің негізгі мүшелері мен системаларының функциялары тиесілі әсерін тигізеді, жүрек-тамыр системасың нығайтады, тыныс алу органдарының қызметін жақсартады бүкіл организмнің төзімін арттырады. Спорттық түрлі қимылдар жеделдікті, күштілікті, икемділікті, шыдамдылықты шындайды.
Лақтыру - бұл снариядтың жермен ауа арасында ұшу амалы.
Жеңіл атлетикада лақтыруда негізгі түрлеріне жататындар: ядро итеру, диска, найза жəне балға. Қосымша түрлеріне жататындар: мектеп бағдарлама
сында бар кіші доп, гранат.
Лақтырудың мақсаты жарыстың ережесін бұзбай, спорттың снарядтарды
алысқа лақтыруға тырысу. Барлық снариядтарды алысқа лақтырады,
оларды лақтыратын белгілі орын жəне түсетін аймақтары болады. Кіші
доп пен гранатта аймақтың аймақтың ені 10 метр болуы тиіс.
«Өзеннен секіріп өту» ойынын ойнату.
Сынып екі командаға бөлінеді. Оқушылар сөре сызығының артына бағанға тұрады. Сөреден 8м-ден кейін екі параллель сызықпен екі метрлі ені бар шартты өзен белгіленеді, содан соң 8м. кейін әрбір қойылады. Бағыттаушының белгісі бойынша ойыншылар бұрылыс бағанына қарай жүгіреді, екпін алып өзеннен секіріп өтеді, бағанды айналып, өзеннен сол тәсілмен өтіп, кері қайтады және эстафетаны келесі ойыншыға береді. Әрбір өзеннен өтпеу үшін командаға екі айыппұл ұпайы есептеледі.
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді.
Командаластарыңызға қандай көмек көрсеттіңіз? Тапсырманы күрделендіру үшін қандай ұсынысыңыз бар?
Күтілетін нәтиже:
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Икемділік, емтілік дағдылардың пайда болуы;
- Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;
- Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу.
Оқушылармен бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізу. Крточкалар таратып беру. Рефлексия
Екі жұлдыз
Бір тілек рефлексиясын жүргізу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?